Атырау, 24 сәуір 06:36
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Көлігімен кісі қағып өлтірді деген күдікпен Риддер қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

2 374 просмотра


Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы жас жігітті қағып өлтірді деген күдікпен уақытша оқшаулағышқа қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болып отырғанындай, «BMW Х5» автокөлігі Айдарханов көшесімен келе жатып, жол жиегінде оң жақта бағдарлас келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1999 жылғы ер бала жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырған. Тексеру барысында «BMW Х5» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісінің мас болғаны және оның Риддер қаласы әкімінің орынбасары екені анықталған. 

Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні сағат тоғызға таяу тіркелген. Риддер қалалық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (көлік құралдарын басқарған адамның көлік құралын пайдалану немесе жол ережесін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Облыс әкімінің тапсырмасымен жол-көлік оқиғасының тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды.

Дереккөз: inform.kz

16 сәуір 2018, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.