Атырау, 25 сәуір 04:02
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Назарбаевтың демократияға бастар "өз жолы"», «Әміржан Қосанов: “Жаңа Қазақстан” Әблязовтің ұйымын талқандамайды», «Сот Талғат Аянды түрмеден босатуды ұйғарды», «Қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқындар тізімін түзді»,«Орта Азияда озық күшке кім ие».

1 951 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаевтың демократияға бастар "өз жолы"» - Батыс баспасөзі Астананың Citic Resources компаниясынан едәуір үлес сатып алып, "Самрұқ Қазына" қорындағы ұлттық компанияларды сату жоспарына және Назарбаевтың Қазақстанның демократияға баcтар "өз жолы" бары жайлы мәлімдемесіне қатысты комментарий жазған.

«Сайлау тақағанда Талибан орала ма?» - Күзде парламент сайлауы өтуі мүмкін Ауғанстан Талибан қозғалысын бейбіт бітім процессіне қатысуға шақырғанымен, тәліптер әзірге келіссөзге қадам жасаған жоқ. Талибанның Ауғанстандағы әрекеті Орталық Азияға қаншалықты әсер ететіні туралы сұрақтарға ауған мәселесі бойынша сарапшы жауап береді.

«АҚШ Сирияға әуеден соққы берді» - АҚШ президенті Дональд Трамп қарулы күштерге Сириядағы үкімет нысандарына соққы беруді бұйырғанын жариялады. Ақ үй басшысы Ұлыбритания және Франциямен бірлескен әскери іс-қимыл Сирия билігі жаппай қырып-жою қаруын қолдануды тоқтатқанша жалғасады деп мәлімдеді.

«Шешенстан инвестор тарта ала ма?» - Рамзан Қадыров өзі басқарып отырған Шешенстанды “инвестиция салудың үлкен мүмкіндігі” деп жарнамалап жүр, бірақ ауқатты шешендердің өздері инвестор болуға онша құлық танытпай отыр.

«Қазақстандық құқыққорғаушылар саяси тұтқындар тізімін түзді» - Қазақстандық "Ар.Рух.Хақ" құқыққорғау ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина сәуірдің 14-і күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Қазақстандағы саяси тұтқындар" тізімі туралы баспасөз баянын жариялады. Онда жергілікті "құқыққорғаушы ұйымдардың сараптамалық кеңесі" халықаралық Amnesty International ұйымы мен Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы өлшемдері негізінде сәуірдің 4-і күні қабылдаған "Қазақстандағы саяси тұтқындардың" жаңартылған тізімі бар.

«Сот Талғат Аянды түрмеден босатуды ұйғарды» - Атырауда 2016 жылғы сәуірде өткен "жер шеруіне" қатысқаннан кейін бес жылға сотталған жергілікті белсенді Талғат Аян бостандыққа шығатын болды деп хабарлады Азаттыққа оның әкесі әрі адвокаты Төлепқали Аянов. Оның сөзінше, сәуірдің 13-і күні Ақтөбе қалалық №2 соты қазіргі кезде осы қаладағы К-168/2 колониясында қамауда отырған Талғат Аянның ісі бойынша наурыздың 25-і күні түскен өтінішті қараған.

ZHASALASH.KZ. «Әміржан Қосанов: “Жаңа Қазақстан” Әблязовтің ұйымын талқандамайды» - Брюссельге «тығылып барғандар» «Жаңа Қазақстан» құрып қайтты. Бұл ұйымның міндеті Мұхтар Әблязовтің экстремистік деп танылған «Қазақстан демократиялық таңдау» қозғалысын құлату емес екен…

365INFO.KZ. «Қайдан ғана әкелдім!..» - Бір кезде үзеңгілес әріптес, ниеттес дос болған азаматтар — Қырғыстанның қазіргі және экс-президенті Сооронбай Жиэнбеков пен Алмазбек Атамбаев қазір жекпе жекке шыққан қарсыластар сияқты саяси рингтің екі бұрышында тұр. Мұның арты не болады – кім жеңіп, кім жеңіледі, қазір оны кесіп айту мүмкін емес.

«Қазақтың мықты ғалымы Саят Ыбырайдың адвокаты: “Ол ел имиджіне алаңдады”» -  Қазақ зиялы қауымы биліктен бостандыққа шығаруын сұрап жүрген бірден-бір адам — 2010 жылы «сопылар ісі» бойынша 12 жылға бас бостандығынан айрылған техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбырай азаттық алды.

QAZAQTIMES.COM. «Орта Азияда озық күшке кім ие болмақ?» - Өткен айда ғана Астанада Орта Азияның бес мемлекеті басшыларының қатысуымен саммит өткені белгілі (Түркіменстан президентінің атынан Акча Нұрбердиева қатысты). Осындай «төрт көз түгел» кездесудің ұзақ жылдар бойы мүмкін болмағаны белгілі. Дегенмен, қалай десек те тарихи кездесу ақыры өтті. Бірақ аталған саммитке Ресей президенті шақырылмады. Яғни, бұл кездесу —  Ресейсіз өткен алғашқы кездесу ретінде де маңызды. 

«Сарапшылар: Еуропа Қытайдың әр қадамын қадағалауы керек» - Қытай ықпалының артып келе жатқаны орта азиялық бізді ғана емес, Батыс жұртында алаңдатады. Қытай билігінің жаңа сыртқы саясаты мен экономикалық саясаты ел ықпалын Еуразия, Африка, тіпті Латын Америкасына дейін кеңейтуде. Бұған Батыс елдері не істеп жатыр және не істемек? Сарапшылар не дейді? Осы тақырыпты қаузап көрелік. 


16 сәуір 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.