Атырау, 18 сәуір 13:23
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Қазақстан Сириядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

2 161 просмотра


Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Сириядағы жағдайға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Біз Думадағы химшабуылдарға қатысты жағдай бойынша БҰҰ ҚК мүшелері арасындағы бірліктің жоқтығына алаңдаушылық танытамыз. Қазақстан химқаруды қолдануды айыптайды және зерттеу жүргізу қажет деп есептейді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, Омаров Сириядағы жағдайды саяси реттеу жолдарын іздестіру бойынша Астана және Женева процестерінің міндеттерін одан әрі қолдау керек екенін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, 14 сәуірде таңертең АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері сириялық үкіметтік нысандарды зымырандармен атқылады, олардың ойынша, сол нысандар химиялық қаруды өндіру үшін пайдаланылады. Сирияға жүзден аса зымыран тасталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 сәуір 2018, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.