Атырау, 25 сәуір 22:29
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Талғат босатылады, Макс алыста

Сурет
4 420 просмотра

Кеше, 13 сәуірде Ақтөбе қалалық №2 соты Атырауда 2016 жылғы сәуірде өткен «жер митингісіне» қатысқаннан кейін бес жылға бас бостандығынан айырылған азаматтық белсенді Талғат АЯНДЫ босату туралы қаулы шығарды.

Сот отырысына қатысқан оның әкесі әрі адвокаты Төлепқали АЯНОВ хабарлағандай, жазаның қалған бөлігі ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес, бас бостандығын шектеу түріне өзгертілген.

 - Жазаның бас бостандығынан айыру түріндегі өтелмеген бөлігі оны 3 жыл 1 ай 17 күнге шектеумен ауыстырылды, - деді Т. Аянов. 

Сот қаулысы 15 күннен кейін заңды күшіне енеді – сол кезде Талғат колониядан босатылуы тиіс.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылғы қарашада Атырау қалалық №2 соты азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс БОҚАЕВТЫ Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша: «әлеуметтік араздық тудырды», «көрінеу жалған ақпарат таратты» және «жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзды» деп танып, бес жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім еткен болатын.

Облыстық сотта апелляциялық арыздары қанағаттандырылмаған соң есімдері елден тысқары жерде де танымал болған екі қоғам қайраткерін ұзақ этаппен шым-шытырық бағыт арқылы Петропавлға жақын жердегі түзету мекемесіне жіберді.

Өткен жылдың тамызында Талғатты Ақтөбедегі колонияға ауыстырды. Биылғы жылдың қаңтарында Астана қаласының Алматы аудандық соты Максты туған жеріне жақын түзету мекемесіне ауыстыру туралы оның туыстары мен адвокаты Айман ОМАРОВАНЫҢ өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер «АЖ» мұрағатынан алынды

14 сәуір 2018, 22:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.