Атырау, 28 наурыз 13:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирияға соққы жасады

2 948 просмотра


Британия Қорғаныс министрлігі одақтастарымен бірігіп, Сирияға әуе соққыларын жасап жатқандарын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

«Сириядағы тәртіпке бағытталған біріккен соққылар өз халқына қарсы химиялық қаруды қолданып отырған Асад режимін талқандайды», - деп мәлімдеді Британия Қорғаныс министрлігіндегілер.

Бомбалау кезінде RAF Tornado GR4 зымырандарынан төртеу, Storm Shadow зымырандарынан бірнешеуі қолданылған.

«Бұрынғы зымыран базасы орналасқан әскери объектіде - Хомсадан 15 миль жерде батысқа қарай жүрсеңіз, химиялық қару прекурсорлары сақталған қойма бар. Бұл халықаралық химиялық қару конвенциясына кереғар жасалған Сирия әрекеті», - делінген Британ министрлігінің хабарламасында.

«Халықаралық қауымдастық заңды және пропорционалды әскери күштерге батыл реакция жасады», - деді Британияның министрі.

«Химиялық қару қолданылған соң ғана одақтас елдердің шабуыл жасауына тура келді, қызыл линиядан аттап өттік. 2017 жылы мамырда Францияның қызыл линиясы басып өтілген болатын. Сондықтан мен француз қарулы күштеріне бүгін Халықаралық операцияға сай, АҚШ және Британия корольдігімен біріккен коалиция бойынша Сирия режимінің құпия химиялық арсеналына шабуыл жасауға рұқсат бердім», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Ол Сириядағы бейбіт тұрғындарға химиялық қару шабуылы жасалған соң, халықаралық дәрежеде Францияның бұл елдегі бейбітшілік үшін жауапты екендігін сезінген.

Мына суретте Франция президенті Сирияға шабуыл жасау туралы пәрменін берген. Елисей сарайы бұл суретте желіге жариялады.

«Франция, Ұлыбритания және АҚШ «аралас операция» мүшелері болғандықтан, Сирияға соққы жасауға тура келді», - деді Трамп.

Сенатор әрі Қарулы күштер жөніндегі комитет жетекшісі Джон Маккейн химиялық қаруды бейбіт тұрғындарға қолданғаны үшін Трамп Сирия режимін жазалауда деп, президенттің бұл шешімін жоғары бағалады.

«Асад режиміне қарсы шыққан президентке қос қолдап шапалақ ұрамын. Өйткені, Асад бейбіт тұрғындарға тағы да химиялық қару қолдануы әбден мүмкін. Франция және Британия одақтастарымызға алғыс білдіремін. Иран мен Ресей шабуылдан кейін Асадты қорғай алмайтындарын түсінеді деп сенемін. Президент Трамп ИГИЛ бойынша ғана емес, Сириядағы бітпес дауға қатысты нақты шешім шығаруы тиіс. Сондай-ақ президент аталған аймақтағы Ресей және Иран ықпалын қаралауы тиіс. Таяу Шығыстағы жағдайды АҚШ бақылауына алуы қажет», - деді Маккейн.

Дереккөз: Baq.kz

14 сәуір 2018, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.