Атырау, 19 шілде 16:41
Кешке ашық+32, түнде +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 344.58  € 400.51  P 5.47

Қалтасыз студент  

12 сәуір 18:09

Дианара МУКАТОВА
Атырау қаласының тұрғыны 35 жастағы Дианара МУКАТОВАНЫҢ үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, тектік-топтық, діни алауыздықты тудыру») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Бұған оның жақында экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жазбаларын әлеуметтік желіде бөлісіп, «лүпіл» басып, пікір жазғаны себеп болған екен.

Үстіміздегі жылдың 5 наурызында күні ол білім алатын Apec PetroTechnic жоғары колледжіне сабақ кезінде Атырау облыстық ІІД жедел уәкілдері келіп, шақырту қағазын ұсынған:

- Шақырту қағазында Балықшы кентінің тұрғыны А.У. (түсінікті себептермен атын жасырын беріп отырмыз – Ред.) деген әйел менің үстімнен арыз түсіргені және қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазылған. Кейін полиция оқу орны жатақханасындағы бөлмеме тінту жүргізді және барлығын бейнежазбаға түсірді. Кейін анамның үйін де тінітті.

- Арыз берушіні бұрын танитын ба едіңіз? Мүмкін әлеуметтік желіде достығыңызда болған болар? Жеке хатпен сөйлескен боларсыздар?

- Жоқ, бұл кісінің аты-жөнін арыздан бірінші рет оқып тұрмын.

Тінту кезінде полиция оның ұялы телефоны мен жеке ноутбугін  сараптама жасауға тәркіленген. Сонымен қатар, оны оқудан шығару туралы бірнеше мәрте ескерткен. Бірақ колледж басшылығы Дианараның оқуда үлгілі, сабақтан ешқашан қалмағанын негізге ала отырып, оқудан шығара алмайтынын айтқан.

Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА:

- Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Облыстық прокуратура да бұл іс бойынша түсінік беруден бас тартты.

Әсел НҰРҒАЗИЕВА

Әсел НҰРҒАЗИЕВА, құқыққорғаушы:

- Дианара өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, ой-пікірлерін айтып, ұнаған постылармен бөлісіп жүрді. ҚДТ қозғалысы "экстремистік ұйым" деп 13 наурызда танылған. Ал қылмыстық іс одан бұрын қозғалған, яғни, бұдан заңға қайшы әрекеттерді көруге болады.

Қазіргі таңда Мукатова денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ем қабылдап жатыр. Бұрын ол шетелдік мұнай компаниясында жұмыс жасаған, қазір жоғарыда аталған колледжде оқиды. Сол оқу орнының жатақханасында тұрады, өйткені қала сыртындағы ауылдан сабаққа қатынау қиын. Арандатулардан қауіптенген Дианара қазір киімдерінің барлық қалталарын тігіп тастапты.


Полицияға арыз жазған А.У. ойдан шығарылған тұлға емес. Әлеуметтік желідегі ақпараттарға сәйкес, жасы 26-да, Атырауда тұрады. Тұрмысқа шыққан, екі бала тәрбиелеп отыр. Қазір майонез түрлерінің бірінің сауда өкілі болып жұмыс жасайды.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1461 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​52 адам тірідей жанып кеткен автобус: Іс сотқа жолданды  91 рет қаралды

​Қостанайдағы оқушы қыздың өлімі: Күдікті анықталды   529 рет қаралды

​Тәтішевтің оққағары сотта банкирдің қалай өлтірілгенін айтты   693 рет қаралды

Сақинамен ұстады  2035 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6