Атырау, 29 наурыз 01:38
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Шетелге қанша миллиард доллар шығарылды?», «АҚШ санкциялары олигархтар бизнесін күйретті», «Трамп Мәскеуге зымыранмен сес көрсетті», «Қытай қазақтарының тағдыры – ұлттық трагедия», «Несие алушылар қалай алданады?».

1 971 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Шетелге қанша миллиард доллар шығарылды?» - 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік кіріс комитеті арқылы Қытайдан 7 миллиард теңгеге тауар алғаны тіркелгені анықталды. Дәл осы кезеңде Қазақстаннан 312 млн теңгенің тауары сатылған. Егер осыны долларға шағатын болсақ, 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан азаматтары 22 млн долларға тауар сатып алса, өздері 1 млн долларға да жетпейтін тауар сатылған. Ұлттық банк Қазақстаннан валютаның жылыстауына заңмен қандай тосқауыл қояды? Қандай көлемде?

AZATTYQ.ORG. «АҚШ санкциялары олигархтар бизнесін күйретті» - АҚШ ресейлік бизнесмендер мен компанияларға қарсы жаңа санкциялар салғаннан кейінгі алғашқы жұмыс аптасының басы олар үшін шынымен қаралы күнге айналды. "Ведомости" басылымының жазуынша, дүйсенбіде ұлттық акциялар нарығы бірден 2,7 триллион рубльден көп жоғалтып, капиталдандыру қоры жеті пайызға кеміді. Бұған қоса, Ресейдің жетекші компанияларының құнды қағаздары да құлдырады. Forbes журналының есебінше, ең бай 50 ресейліктің байлығы бір күннің ішінде шамамен 12 миллиард долларға кеміген.

«Трамп Мәскеуге зымыранмен сес көрсетті» - АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Сирияның Дума қаласындағы ықтимал химиялық шабуылға жауап ретінде Пентагон тарапынан жасалуы мүмкін зымыран соққысына дайын болуға шақырып, сес танытты.

«Қазақстан Ливанға бітімгерлер күшін жібермек» - Астана Ливанға жіберілетін бітімгерлер 23 жыл бұрынғы Тәжікстандағыдай қайғылы жағдайға ұшырамайды деп үміттенеді.

ABAI.KZ. «Қытай қазақтарының тағдыры – ұлттық трагедия» - Біз құдайдан қорқамыз ба, әлде қытайдан қорқамыз ба?. Қытайда экстремизм және терроризммен күресу науқаны аясында қандастарымыз түрмеге қамалып, іс-түссіз жоғалып, одан қалса, «саяси сауат ашу-тәрбие» лагерьлеріне жөнелтіліп жатыр.

EGEMEN.KZ. «Несие алушылар қалай алданады?» -  «Екінші деңгейлі банктер несие алған азаматтарға заңсыз үстемелеген комиссиялық төлемдерді қайтаратын болыпты», деген хабар интернет кеңістігі мен WhatsApp қосымшасы арқылы тарап жатқанына біршама уақыт болды. Ақшаны қайтару үшін несие алғаны туралы келісімшарт пен несиені төлеу кестесінің түпнұсқалары немесе көшірмесі қажет. Сол құжаттармен сот орындарына жүгінуге тура келеді, өйткені клиенттерден бір кезде «заңды» жолмен жинап алған қаражаттан банктер де оңайлықпен айырылғысы келмейді.

«Гарвард университетінің студенті: Көшбасшы қандай болуы керек?» - Соңғы екі жылда Америкада оқып жүріп байқағаным, Батыста көшбасшылыққа (leadership – лидерство) көп көңіл бөледі екен. Академиялық бағдарламаның бір бөлігі басшы болудың қыр-сырына қатысты. Оған қоса басшылық тақырыбы бүге-шігесіне дейін зерттелген.

INFORMBURO.KZ. «Қазақ бас киімді неге қадір тұтқан?» - Қазақ бас киімді жерге тастаса, бақ таяды, бас кемиді деп ырымдаған. Баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Киіп жүргенін ешкімге сыйламаған, бермеген.


12 сәуір 2018, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.