Атырау, 19 наурыз 07:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​Франция мен Ұлыбритания АҚШ-пен коалицияға бірігуі мүмкін

2 172 просмотра


Америка Құрама Штаттары мен бірқатар батыстық елдер өз кезегінде Сирияның Дума қаласында химиялық шабуыл жасағандарға карымта соққы жасауы мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзі осыған саяды.

Тіпті Ақ үй басшысы бұл процесті жіті қадағалау үшін Перу мен Колумбияға сапарын кейінге қалдырған. Ол АҚШ-тың батыл қадамға барудан тайсалмайтынын айтып, Вашингтонның бірнеше соққы жасай алатынын алға тартты. Франция мен Ұлыбритания елдері АҚШ-пен коалицияға бірігуі мүмкін. 

Олар осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр. Ал нақты шешімді жақын күндері жария етеді. Австралияның сыртқы істер министрі Вашингтонды қолдауға дайын екендігін жеткізді. Сауд Арабиясы билігі де осындай пікірді ұстанып отыр. 

Эммануэль Макрон, Франция президенті: 

– Бұл ұстанымды бірқатар ел қолдап отыр, бірақ оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде болған пікірталасқа еш қатысы жоқ. Техникалық және стратегиялық әрекеттерді АҚШ және Ұлыбританиямен бірге талқылап жатырмыз. Қандай шешім қабылданатынын жақын арада жариялаймыз.

Дереккөз: 24.kz

11 сәуір 2018, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.