Атырау, 25 сәуір 03:48
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Арсыз болмай атақ жоқ», «Әміржан Қосанов: “Жаңа Қазақстан” саяси күштер үшін ортақ диалогқа ашық», «Доллар тағы қымбаттайды», «Балалар латын әліпбиін үйреніп алғанша ағылшын тілін оқытуға тиым салу керек», «Қазақстанға қай елдер қарыз?​».

2 992 просмотра

QAMSHY.KZ. «Арсыз болмай атақ жоқ» -  Қара пиармен атын шығарғандар. «Арсыз болмай атақ жоқ» немесе «Атың шықпаса, жер өрте». Қазір оның орнына «хайп» деген терминді қолдана бастадық. Елге танылудың ерсілеу жолын таңдағандар елімізде көп-ақ.

TURKYSTAN.KZ. «Алтын көрсе адамдар жолдан таяр» - Дүниежүзілік алтын кеңесінің 2018 жылдың 1 наурызындағы деректері бойынша, Қазақстанның алтын қорларындағы қымбат металдар резерві 303 тоннаны немесе еліміздің халықаралық резервтерінің 41,3 пайызын құрайды.

«Көк майсаны таптаған, алаңқайды ластаған» - Кейбіреулерге құрқылтайдың ұясындай баспана арман болып жүргенде, есесіне, қала дүрегейлері алтын итаяқтан ас ішіп, дүниені дүбірлетіп-ақ жүр. Салыстырмалы түрде айтқанда, «Ит – жеті қазынаның бірі» десек те, олардың жағдайына көптеген қарапайым жандардың өзі де қызығады: жеке жайы, бөлек бөлмесі бар. Ол ол ма, көгалдың үстінде емін-еркін ойнақтап, балалар алаңқайында серуендейтін де солар.

 QAZAQTIMES.COM. «Әміржан Қосанов: “Жаңа Қазақстан” саяси күштер үшін ортақ диалогқа ашық» - Соңғы күндері қоғамда қызу талқыланған Брюссель қаласында өткен «Жаңа Қазақстан» форумына байланысты форум мүшесі оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов пікір білдірді.

QAZAQUNI.KZ. «Балалар латын әліпбиін үйреніп алғанша ағылшын тілін оқытуға тиым салу керек» - Саясаттанушы Дос Көшім – еліміздегі өзекті мәселелерге батыл пікір білдіріп жүрген азаматтардың бірі. Оның тіл, жер, діл және дінге қатысты ойлары қазақ қоғамын бей-жай қалдырған емес. 

AZATTYQ.ORG. «Ердоған Жээнбековтен "гүленшілерді" жазалауды сұрады» - Сәуірдің 9-ы күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Түркияға барды. Сарапшылар бұл сапар соңғы жылдары екі ел арасындағы нашарлап кеткен ахуалдың жақсаруына септігін тигізеді деп санайды.

AIKYN.KZ. «Көрші елге жұрт неге кетеді?» - Қазақтың бір жақсы қасиеті бар: «параласа» да, соңғы сиырын сатса да, банктен кредит алса да – баласын оқытады. Оқу-білімге деген жаппай ұмтылысты қолдауға болады. Мына заман – білімдінің заманы. Сауатты адам уақыттан қалмайды. Алайда соңғы кезде сол білімді өз елінен емес, шет елден іздейтін жастардың қатары артты. Неге?

AIKYN.KZ. «Қазақстанға қай елдер қарыз?» - Ақын Гүлнәр Салықбайдың бір өлеңінде «Бір ағам отыр май асап, майға да қосты саясат» деген әдемі теңеу бар. Рас, қазір саясат соқпайтын адам кемде-кем ғой. Бұл орайда такси жүргізушілерін мысалға келтіріп, әзілдеп алатынымыз бар. Сол рас екен. Жүрген жолым, мінген көлігімді ұмыттым, бірақ айтылған әңгімесін ұмытпадым. 

365INFO.KZ. «Доллар тағы қымбаттайды» -  Жаңа санкция Путиннің жанын шығарып жатыр.

«Ол диктатор болады» - Сарапшы Мирзияевтың түпкі мақсатын айтып қойды.


11 сәуір 2018, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.