Атырау, 19 сәуір 06:11
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Бүгін Әзербайжанда Президент сайлауы өтеді

2 263 просмотра


Бүгін, 11 сәуір Әзербайжан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетерлігі, кезекті президенттік сайлау 2018 жылдың күзінде өтуі тиіс болатын. Алайда, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтың президенттік сайлауды 2018 жылдың 11 сәуіріне тағайындау туралы өкімі 5 ақпан күні жарияланды. 

Сайлауды мерзімінен бұрын, кезектен тыс тәртібінде өткізу негізінен Әзербайжанда саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктер беретінімен түсіндірілген. Сондай-ақ, биылғы жылдың екінші жартысында Әзербайжанда жоғары деңгейдегі бірқатар халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отырғаны айтылады. Соның ең бастысы - Әзербайжан демократиялық республикасы құрылғанының 100 жылдығы. 

Аталған деңгейі жоғары мереке де күзге  белгіленген. Осындай ауқымды шараларды негізге алған Мемлекет басшысы кезектен тыс сайлау өткізуді жариялаған болатын. Сайлаушылар президентке үміткер 8 кандидат бойынша сайлау құқықтарын жүзеге асыратын болады. 

Кандидаттар қатарында билік партиясы - «Ени Азербайджан» партиясы ұсынған елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиев, өзін-өзі ұсынушы Захида Оруджа, Социал-демократиялық партиясының өкілі Араз Ализаде, Біртұтас халық майданы партиясынан Гудрат Гасангулиев, «Ұлттық өрлеу қозғалысы» партиясынан ұсынылған Фарад Гулиев, «Жаңа Мусават» партиясынан Хафиз Гуджиев, Ұлттық майдан топтарының өкілі Рази Нуруллаев, Әзербайжан демократиялық партиясынан Сардар Мамедов бар. 

Бұл жолғы сайлаудың ең басты ерекшелігі - президент бұрынғыдай бес жыл мерзімге емес, жеті жыл мерзімге сайланады. Өйткені 2016 жылдың күзіндегі Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдумда президенттің өкілеттік мерзімі жеті жылға ұзартылды. 

Дереккөз: inform.kz

11 сәуір 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.