Атырау, 28 наурыз 13:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жол бойындағы ағаш

Сурет
2 730 просмотра

Мұнайлы астанада кейбір жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Владимирский, Баймұханов және Тайманов көшелерінде көлік жолдарын кеңейту жоспарлануда. Мердігер - «Атырауинжстрой» ЖШС, жұмыс құны - 5 миллиард теңгеден асады, аяқталу мерзімі - биылғы жылдың қараша айы. Қалпына келтіру жұмыстарымен қатар ағаштарды тамырына дейін шауып тастау жұмыстары да жүргізілуде. Бұған бей-жай қалмаған азаматтар АЖ» редакциясына қоңыраулар соқты.

- Мен шыдай алмай, жұмысшыларға бардым, - дейді абыржыған қала тұрғыны. – Бұл тұт ағашы, ол өсіп жатыр ғой, оны қалай кесіп тастамақ! Мен ұрысып, олардың әрекеттерін камераға түсіре бастадым, бірақ олар тоқтатпады. Жұмыстарын аяқтаған кезде басқа ағашты кесе бастады.

Қалалық ТКШ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Алмас СӘРСЕНОВ:

- Бұл ағаштарды кеспесек, жолдарды кеңейту жобаларын жүзеге асыра алмаймыз. Кейбіреуін қайта отырғызамыз, әзірге вегетативтік кезең басталған жоқ. 10 шақтысын, өкінішке орай, кесуге тура келді. Қала тұрғындарына айтарым: олардың орнына жаңалары отырғызылады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттер әлеуметтік желілерден алынды

10 сәуір 2018, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.