Атырау, 24 сәуір 20:00
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жұмысқа кетіп, оралмады

3 275 просмотра


Өткен жылы Атырау облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына 353 арыз-шағым түсіп, 78 кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды. Өндірісте 50 жазатайым оқиғасы орын алып, 12 адам қаза тапты.  Бұл туралы өткен брифингте басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ мәлімдеді.

 «АЖ» сұрақтары:  

- Еңбек заңнамаларын жиі бұзатын жұмыс берушілерге айыппұлдан бөлек қандай жаза қолданылады?

- Айыппұлдың өзі үлкен жаза болып саналады, өйткені алға қарай олардың тендерге қатысуына қиыншылықтар туғызады. Себебі салынған әкімшілік айыппұл мекеменің конкурстық өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға негіз болады.       

- Жазатайым оқиғалар көбінесе қандай салаларда орын?

- Жазатайым оқиғалардан құрылыс саласы мен  мұнай кен орындары көш бастап тұр. Жұмыс берушілер жазатайым оқиғаға жол бергендері үшін ҚР Қылмыстық кодексiнің 156-бабы бойынша жауапкершлікке тартылады, яғни, онда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет немесе әрекетсіздік бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

- Кейбір кәсіпорындар өндірісте алған жарақаттарды жасырып бағады.

- Мұндай проблемалар да бар. Алайда біз қазір жедел жәрдеммен тығыз байланыстамыз. Егерде кәсіпорыннан аумағынан жедел жәрдемге шақырту түсетін болса, онда олар бірден біздің инспекцияға хабарлайды. Еңбек кодексі бойынша кәсіпорын өндірісте болған жазатайым оқиғаны 24 сағатта мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарлап, «Жазатайым оқиғаның орын алуы» туралы акт жасақтауы тиіс. Жасырса, тиісті жазасын алады.  Қазіргі уақытта 19 мекемеге 9 миллионға жуық айыппұл салынды.        

Фархат ӘБІЛОВ

10 сәуір 2018, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.