Атырау, 19 сәуір 14:24
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

FBI агенттері Трамп адвокатының кеңсесін тінтті

1 385 просмотра

Майкл Коэн, АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке адвокаты.
АҚШ Федералдық тергеу бюросының (FBI) агенттері президент Дональд Трамптың жеке адвокаты Майкл Коэннің Нью-Йорктегі кеңсесін тінтті. BBC-дің хабарлауынша, агенттер тінтуді арнайы прокурор Роберт Мюллердің өкімі бойынша жүргізген. Мюллер Ресейдің АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықтимал килігуін тергейді.

Тінтуден соң Майкл Коэн тінту кезінде өзінің клиенттері арасындағы хат-хабар жазбалары тәркіленгенін мәлімдеді.

Майкл Коэн 2016 жылы президент сайлауына бірнеше күн қалғанда порноактриса Сторми Даниэлске 130 мың доллар төлегенін мойындаған соң дауға қалған. Даниэлске ақша ол Мелания Трамп ұлын босанған соң "Трамппен байланысы болғанын" жарияламауы үшін төленген.

Дереккөз: azattyq.org

10 сәуір 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.