Атырау, 24 сәуір 17:31
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстанда тағы 15 мың шақырым жол ақылы болмақ

2 262 просмотра


Республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету ұсынысын жеке серіктестік көтерген.

Қазақстанда алдағы үш жылда 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автожолдарды ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктестік бастады. Ол үш жылдың ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады", — деді Қасымбек.  

Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет ресурстар мен баспасөзде жарияланды.

"Хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, баламалы ұсыныстарын жеткізсе, әріптесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылады", — деді ол. 

Айта кетсек, қазіргі уақытта инвестициялар және даму министрлігі жетекшілік ететін салаларда МЖӘ механизмі бойынша 44 жоба пысықталу және іске асырылу кезеңінде.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 сәуір 2018, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.