Атырау, 29 наурыз 05:36
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Брюссельде "жаңа конституция" мен "билік транзиті" талқыланды», «Бұл кездесуге билік тарапынан “үнсіз келісім” болған...», «Наразы топ Шахановты Жазушылар одағынан шығармақ», «Қазақ оппозициясының өткені мен бүгіні. Кім, қандай қателік жіберді?».

1 944 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Брюссельде "жаңа конституция" мен "билік транзиті" талқыланды» - Бельгиядағы "Жаңа Қазақстан" форумында Қазақстан делегациясы Еуропарламент депутаттарымен кездесті. Қазақстандық белсенділер жиында "Назарбаевтан кейінгі кезең" туралы сөз етті.

«"ҚДТ-ны Facebook-та қолдаған" студент істі болды» - Қазақстанда әлі экстремистік ұйым ретінде тыйым салынбай тұрған кезде ҚДТ қозғалысын әлеуметтік желіде қолдаған атыраулық студент Дианара Мұқатоваға қатысты қылмыстық іс тергеуі жүріп жатыр. Мұқатова «қысымға ұшырадым» деп шағымданады. Полиция тергеу кезінде бұл іс туралы мәлімет бермейтінін айтады.

ZHASALASH.KZ. «Наразы топ Шахановты Жазушылар одағынан шығармақ» - Қазақстан Жазушылар одағына «Шаханов дауына» байланысты наразы топ арнайы мәлімдемемен келді. Жамбылдың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер, өзге де оқырмандар мен жеке тұлғалардың қояр талабы біреу-ақ: Даңқты ақынның аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға жол берілмесін!

«Ермұрат БАПИ: Жаңа оппозициялық партия құрылады деген – бос сөз» - Қазақ оппозициясының осы жексенбі және дүйсенбі күндері Брюссельде өтетін жиынына қатысатындардың бірі, тәуелсіз журналист, «ДАТ» газеттер жобасының бас оқырманы Ермұрат БАПИ бізге берген сұхбатында ол басқосуда «Жаңа Қазақстан» оппозициялық партиясы құрылатынынан хабары жоқ екенін кесіп айтты. 

ABAI.KZ. «Бұл кездесуге билік тарапынан “үнсіз келісім” болған...» - Көп қазақстандықтар үшін еліміздің елге танымал бір топ журналистері мен саяси сарапшыларының Бельгия астанасы Брюссель қаласында шет елдегі оппозициялық бағыттағы қазақтармен кездесіп жатқаны туралы хабар тосын жаңалық болды. Алайда, мемлекеттік құрылымдар мен билік бұдан хабарсыз болды дей алмаймыз. Себебі, алдын ала визалар мен билеттер алынып, қонақүйлерге тапсырыс беріліп жатқанда, бұл жағдай оларды түшкіргеніне дейін бақылап отыратын биліктің назарынан тыс қалыпты деу ақылға қонбайды. 

«Арғы беттегі ағайынның халі тым мүшкіл» - Қорғансыздың күйін кешіп, аждаһаның ауызына жұтылып бара жатқан қара орман қазақтың қасіреті тым ауыр.

QAZAQTIMES.COM. «Қазақ оппозициясының өткені мен бүгіні. Кім, қандай қателік жіберді?» - Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл болды. Осы уақыт аралығында Ақорда маңайында анау айтқандай өзгерістер болмаса да, оған қарсы оппозициялық топтардың құрамы мен ұстанымында айтарлықтай өзгерістер болды. Осыған байланысты бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанның 27 жылдық саяси өміріндегі оппозициялық партиялар мен олардың көшбасшыларына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

EGEMEN.KZ. «Жастар эмиграцияға кетіп жатыр ма?» -  Соңғы уақытта еліміздің ақыл-ой көшінің шекара асып жатқаны туралы жиі айтылып жүргені жасырын емес. Әсіресе, Ресей Федерациясымен шекаралас өңірлерде мектеп бітірген бозбалалар мен бойжеткендердің көрші елдің субъектілеріндегі білім нысандарына бет бұруы ойландырмай қоймайды.


10 сәуір 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.