Атырау, 20 сәуір 05:43
Таңертең бұлтты+13, күндіз +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.79  € 402.94  P 5.33

Жанған қамыс сөнер емес

9 сәуір 21:28


Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының бес гектар жері отқа оранды. Қорықтың сулы-балшықты алқабындағы қамыс өртеніп жатыр, тілсіз жауды ауыздықтауға резерваттың 40 инспекторы жұмылдырылды.  

Құстың 300-ден астам түрі мен 100-ден астам жануар мекендейтін қорықтағы қамыс өрті 8 сәуірге қараған түнде басталды.  

Әсел ҚАЛЖАНОВА, Атырау облыстық орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын аймақтар бөлімінің басшысы:

- Бұл – балшық-сазды жер, техника жете алмайды, сондықтан өртті резерват инспекторлары өз күштерімен сөндіріп жатыр. Соңғы деректер бойынша өрт ауқымы 5 гектарды құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ.  

Өрт себептері анықталып жатыр. Тілшінің ТЖД-ға ахуалға байланысты маман пікірін білу үшін соққан қоңырауына "9 сәуірде сағат 15.00-ге дейін резерваттағы өрт туралы хабарлама түскен жоқ" деп жауап берілді. 9 сәуір күні кешке теңіз жақтан көрінген түтін сейілген жоқ, яғни, өртті сөндіре алмай жатса керек.

Фархат ӘБІЛОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

829 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Теңізде қамыс өртеніп жатыр  889 рет қаралды

«Ақжайық»резерватында қамыс өртеніп жатыр  850 рет қаралды

Түтін тағы тұншықтырды  1487 рет қаралды

Мәскеуде балалар сауда үйі өртеніп жатыр, зардап шеккендер бар  448 рет қаралды

Басты бет

1 2 3