Атырау, 20 сәуір 05:56
Таңертең бұлтты+13, күндіз +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.79  € 402.94  P 5.33

Ауылда ақша алу қиын    

9 сәуір 16:13


Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 7000-нан астам адам тұрады. Ауылда «Қазпоштаға» қарайтын екі банкомат бар. Алайда, қалыпты жұмыс жасамауына байланысты тұрғындар уақтылы зейнетақы, түрлі жәрдемақы, еңбекақыларын ала алмай жүр.

Округ әкімдігі кеңсесінде орналасқан «Сағыз-1» пошта бөлімшесіндегі банкомат бірнеше айдан жұмыс жасамайды. Жуырда іске қосқанымен екі күннен соң кері бұзылған.

- Қажетті ақшаларымызды уақытында ала алмаймыз. Әсіресе, зейнетақы алған кезде банкомат бұзылады немесе ішінде ақша болмай сансыратып қояды. Сондай-ақ, кешкі 6-дан кейін пошта ғимаратына кіре алмайсың, - дейді тұрғындар.

- Біз бірнеше рет аудандық пошта торабы бастығына ескерту жасадық. Шынымен, банкоматтан ақша алудың қиындығына тап болып отырған жұртшылық жайын жақсы түсінеміз, - дейді Сағыз селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Қуанай ИЗМАҒАНБЕТОВ.  

Қуанай ИЗМАҒАНБЕТОВ


Қызылқоға аудандық пошта байланыс торабының бастығы Тілекқабыл ҒҰБАЙДУЛЛИН былай дейді:

- Сағыздағы екі банкоматтың бірі мүлдем жұмыс жасамайды, ал екіншісі халыққа тұрақты қызмет етіп жатыр. Кейбір клиенттер карточкасын дұрыс салмай, банкомат тұрып қалады. Бағдарламашы Миялы ауылында тұрады. Ал округтегі кеңсесінде орналасқан пошта бөлімшесіндегі банкоматтың қуаттылығын көбейтіп, модемін ауыстырғанымен жұмыс жасамай тұр. Біз Ақтөбеден мамандар шақырып отырмыз. Тағы бір мәселе - бейнебақылау жоқ. Әкімдік егер бейнебақылау орнатса, онда біз банкоматты ғимарат сыртына шығарар едік. Жуырда үшінші банкоматты сауда орталығының сыртына орналастыру көзделуде. Онда оның уақытына шектеу болмасы анық.



Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

663 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

"Банкоматта ақша жоқ"  1014 рет қаралды

Бас прокуратура: Жәкішевті екі аптада бір дәрігер тексеріп тұрады  112 рет қаралды

Періштелер вокзалы ма?  886 рет қаралды

Үйсіз мәдениет  563 рет қаралды

Басты бет

1 2 3