Атырау, 29 наурыз 19:29
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Трамп Сириядағы химиялық шабуылға Обама мен Путинді айыптады

2 021 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинді, Барак Обаманы және Иранды Башар Асадты қолдап, Сирияда химиялық қару қолдануға жол бергені үшін айыптады. Тіпті Дума қаласындағы (Сирия) қақтығыс үшін «үлкен құны бар» жауап алатынын айтты. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Сириядағы мағынасыз химиялық қару қолданысынан әйелдер мен балалар көп рет қаза тапты. Қатыгездік алаңын сириялық әскер қоршауға алып, изоляцияда ұстауда. Оған сырттан ешкімді жақындатпайды. Ал хайуан Асадты қолдағаны үшін президент Путин, Ресей және Иран елдері жауап береді. Оның құны қымбат», - деп президент Трамп твиттер парақшасында жазба қалдырған.

Трамп бұған дейін Ресей тарапын бірнеше рет айыптағанымен, Кремль басшысын алғаш рет ашық түрде түртіп өтті. Трамп сондай-ақ экс-президент Барак Обаманың саясатын сынға алған.

«Президент Обама өзі сызып алған қызыл линияны басып өтіп, нақты әрекет жасағанда, сириялық апат баяғыда бітер еді. Асад хайуандығы тоқтап, тек тарих беттерінде қалар еді», - деп жазған Трамп.

Вице-президент Майк Пенс твиттерде Трамп пен өзінің химиялық шабуыл болжамы туралы жазған.

«Президент екеуміз Сирияда орын алуы мүмкін химиялық шабуыл туралы болжап отырмыз. Еш кінәсі жоқ тұрғындар мен балаларға ешкімнің шабуыл жасауға құқығы жоқ. Асад пен оның жақтастары жабайы әрекеттерін тоқтатуы тиіс. Президент айтпақшы, жауапкершілікті біз тиісті адамдардан жақсылап тұрып талап етеміз. Оның құны жоғары», - деді Пенс.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде газдалған хлор қосылған жарылғыш заттарды қолдану салдарынан Шығыс Гутадағы Дума қаласында 70 адам көз жұмды. АҚШ бұл оқиғаға бірден Ресейді айыптады. Өйткені Путин Сирия президенті Башар Асадты үнемі қолдап келген.

Сирия белсенді топтары жарылғыш затқа салынған улы газдың тікұшақтар арқылы Дума қаласына жаудырылып, бірнеше ондаған бейбіт тұрғынның өлім құшқанын және тағы да ондаған адамның жараланғанын жеткізген болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігі химиялық қару шабуылы туралы айыпты «жалған» деп оны «террористерді» қорғау үшін жасалған «ақпараттық шабуыл» деп мәлімдеді. «Сирия Үкіметі әскерінің хлор және басқа да улы заттармен шабуыл жасағаны туралы жалған мәлімет қайта-қайта жариялануда. Енді оған Ресей тарапын қатыстырып жатыр. Оның бәрі жалған» деді министрлік өкілі. Аталған жалған айыптаулар террористердің құтырып, химиялық қаруды еркін қолдануына жол ашады дейді Ресей Сыртқы істер министрлігі. Ал Трамптың Путин туралы твитіне ресми түрде Кремль әлі жауап берген жоқ.

Дереккөз: Baq.kz

9 сәуір 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.