Атырау, 25 сәуір 06:54
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Қажыгелдин: "Жағдай өте нашар. Ұрланған капитал - өте үлкен"», «Шерлок Холмс үйінің Қазақстандағы иесі», «Мирзияев сыртқы саясат мекемесін жетілдірмек», «Ratel.kz БАҚ бақталастығын қоздырды», «КСРО-да миллионерлер болды ма?».

2 305 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қажыгелдин: "Жағдай өте нашар. Ұрланған капитал - өте үлкен"» - Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі "Жаңа Қазақстан" атты форум өткізіп жатыр. Азаттық тілшісі осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен сұхбаттасты.

«Мирзияев сыртқы саясат мекемесін жетілдірмек» - Өзбекстан президенті "Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі туралы" заң мен Сыртқы істер министрлігі жұмысын жетілдіру жарлығына бір күнде қол қойды. Жарлықта сыртқы саясат мекемесінің жұмысына сын айтылған.

«Шерлок Холмс үйінің Қазақстандағы иесі» - Батыс баспасөзі Лондондағы Шерлок Холмстың әйгілі үйінің кемінде бір бөлігінің қожайындары Нұрәлі Әлиев пен Дариға Назарбаева болуы мүмкін деп көрсеткен журналистік зерттеу жариялады. Өзге басылымдар Өзбекстан авторитаризміндегі "жылымық", Қорғастағы "болашақ қаласы" және Головкиннің жаңа қарсыласына қатысты жорамалдар жайлы жазған.

QAMSHY.KZ. «Инкассаторларға шабуыл: қанқұйлы қылмыстық топ қанша ақшаны қайтармай кетті» - «ТұранӘлемБанкі» инкассаторларына қарулы шабуыл жасалды. Қарақшылар 17,5 миллион теңге мен 196 мың АҚШ долларын олжалады. Бұл сол кезде адамның өңі түгілі түсіне де кірмейтін сұмдық ақша болатын. Бір қызығы, бандалық топ қолға түскенімен сол ақшаның бір бөлігін бәрібір қайтарған жоқ. Қомақты қаржы Алатаудың қай жерінде тығулы жатқаны да әлі күнге дейін белгісіз.

QAZAQUNI.KZ. «Лифтіде қаза болған тележүргізушінің күйеуі сұмдық жайды айтып берді» - Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды. Бүгін Айзат Әбдісаматтың күйеуі Қайыржан Ерқасымов бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

QAZAQTIMES.COM. «НАТО-ға 69 жыл: Айбарлы ұйымның әлеуеті мен алдағы күні не болмақ?» - Құрылғанына 69 жыл болғанына қарамастан, НАТО әлі күнге дейін халықаралық айтыс-тартыстардың ошағына айналды және оған мүше елдер арасында да түйіні қиын мәселелер толастар емес. 

SERKE.ORG. «Ratel.kz БАҚ бақталастығын қоздырды» - Forbes Kazakhstan (forbes.kz) мен ratel.kz сайттарына қарсы қылмыстық қудалау журналистер қауымы ішіндегі бұрыннан бар алауыздықты одан сайын күшейтіп жіберді.  Қазақстан журналистерінің басым бөлігі әріптестеріне осындай қиын кезеңде қолдау білдіруден бас тартып отыр. Олардың ішінде «бұларға сол керек» деп табалаушылар да бар. 

AIKYN.KZ. «КСРО-да миллионерлер болды ма?» - Көптің ұғымында, кеңестік заманда салыстырмалы түрде жұрттың бәрі тең тұрды деген пікір қалыптасқан. Сталиннің тұсында халықтың теңдей тұрғанын ешкім теріс дей алмас. Тарихшылар КСРО-да көлеңкелі экономика 70-жылдардан басталды деп жүр. Сол шамасы,  рас та болу керек. Дегенмен Сталиннің тұсында да миллионерлер болған. 

«Жаһандық тартыс кімнің пайдасына шешіледі?» - Әлемдік саясатта сан түрлі сұрқиялық болып жатыр. Бүгін-ертең оның ақ-қарасын ашу қиын. Тек тарих таразысына тапсырасыз. «Скрипаль ісі» сияқты дауларға мойын бұру – бос әурешілік секілді. Мейлінше өзімізге геосаяси тұрғыдан әсері болуы мүмкін ахуалдарға назар аударамыз. Жақында Ресейде Владимир Путин қайта президент болып сайланып, алғашқы сапарын Түркиядан бастады. Анкарада Ресей, Иран, Түркия үштігі кездесіп, Сирия мәселесін сөз етті.

«АҚШ тарихындағы қанды 10 оқиға» - Осы аптаның басында бүкіл Американы қамтыған ең ауқымды, бұрын-соңды болмаған шеру болып өтті. Оған шамамен 500 мыңдай адам қатысып, жергілікті билік дүкендерде сатылатын қаруға қатаң бақылау жасау қажеттігін талап етті. 

EGEMEN.KZ. «Неке шарты деген не?» - Тағдырдың жазуымен дәм-тұзы жараспай, жолы екіге айырылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікті бөлісу барысында келісімге келе алмай соттан сотқа жүгіну оқиғасы қоғамда жиі кездеседі. Бірі екіншісіне артық үлес кетті деп әбден әуре-сарсаңға түседі. Сөйтіп ортақ мүлікті бөлісе алмай, жылдар бойы соттың табалдырығын тоздырады. Оған көптеген уақыттары зая кетіп, жүйке жұқарады. Мұны болдырмас үшін не істеу керек? 


9 сәуір 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.