Атырау, 28 наурыз 21:22
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Макс Боқаевты сұранбаған "емделуге" жіберді», «Шетелде Қазақстанның жаңа оппозициясы құрыла ма?», «Елбасы мен елдің сөзін екі бетімен тыңдайтын шенеуніктер», «Еліміздегі Ресейдің әскери базалары жайлы не білеміз?», «Қазақ қызы соққыға жығылған».

2 470 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Макс Боқаевты сұранбаған "емделуге" жіберді» - Қамауда отырған азаматтық белсенді Макс Боқаевты Петропавлдағы түрмеден басқа қаладағы түрме ауруханасына этаппен жөнелткен. Белсендінің адвокаты түрме әкімшілігі мұны тұтқынның денсаулығына бола емес, өз қамы үшін жасап отыр деп топшылайды.

«Текебаевтың ісі мен қызметінен кеткен судьялар» - Сарапшылар Қырғызстан қоғамында резонанс тудырған сот процестері жаңадан ашылған жайттарға байланысты қайта қаралуы мүмкін деп болжайды.

«Мәйіттерді вагоннан лақтырып отырды» - Ресейде жақында баспадан жарық көрген "Енисей немістері. Отбасылық тарих" ("Енисейские немцы. Семейные истории") кітабына Красноярск өлкесіне депортацияланған немістерден алынған 40 сұхбат енген. 2003-2007 жылдары олардың әңгімесін өлкенің шалғай ауылдарына арнайы экспедициямен барған Енисей педагогикалық колледжі студенттері жазып алған.

«Ғалымдар грант қаржысын азсынады» - Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ұлттық ғылыми кеңес гранттарын ұтқан бірнеше ғалым комиссия бекіткен қаржы зерттеу жұмысына жетпейтініне шағынады. Кейбірі алған грантты қайтарып бермек. Ғылыми кеңес зерттеушілерге жобадан бас тартуға рұқсат етпеуі мүмкін.

ZHASALASH.KZ. «Шетелде Қазақстанның жаңа оппозициясы құрыла ма?» - Әлеуметтік желілерде «Осы жексенбіде Брюссельде Қазақстанның жаңа оппозициялық партиясы құрылады екен» деген абың-күбің әңгіме желдей есіп тұр. Бұл туралы  ақпаратты алғашқы болып «Республика» медиа-тобының бұрынғы шеф-редакторы және құрылтайшысы Ирина Петрушова Facebook парақшасында хабарлаған. 

QAMSHY.KZ. «Елбасы мен елдің сөзін екі бетімен тыңдайтын шенеуніктер» - Елбасы мен елдің сөзін екі бетімен тыңдайтын шенеуніктер. Ел алдында сүйкімі кетіп, Елбасыдан сөз естісе де, беті бүлк етпейтін, жылы орынтағында міз бақпастан отыра беретін шенділер бар. Бірі президенттің сынына ұшырап масқарасы шықса, енді бірі халықтың көңілін таба алмады. Алайда ешбірінің өз еркімен қызметтен бас тартқысы жоқ. Осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі «бетін тілсе, қан шықпайтын» шенеуніктердің тізімін жасап көрді.

ABAI.KZ. «Қазақтардың қазақша сөйлегені үшін... қазақ қызы соққыға жығылған» - Тағы қазақ тілі жайлы жазамыз. Бүгін Алматының Бостандық аудандық сотында қазақ тіліне қатысты сот процессі өтті. Өтті деуге келмес, сот басталмай жатып-ақ, кейінге шегерілді.

«Еліміздегі Ресейдің әскери базалары жайлы не білеміз?» - Кеше біз Қазақстандағы Ресейдің әскери полигондары жайлы жаздық. Енді солар жайлы аз-кем дерек бергенді жөн көрдік. Иә, біле жүріңіз. Ресейдің, орыс армиясының сынақ жасап, оқ атып ойнайтын ойын алаңына айналып отырған – қазақ жері.  

«Егер Алашорда жеңгенде бүгінгі күніміз қалай болар еді?» - Әлгі әккі қу Әбіләзов дегенге жақтас болды, одан қалса көмектесті. Әбіләзовтің ақшасына гәзет шығарды деп айыпталып, сотталған белгілі журналист Жанболат Мамай «Алаш Ресупбликасы жеңгенде...» атты деректі фильм әзірлеп шықты. Жанболаттың жасаған фильмі жайлы жазайық.

QAZAQTIMES.COM. «Қытайдың қарымта шабуылы америкалық БАҚ-ты екіге жарды: Жеңімпаз кім?» - АҚШ-Қытай сауда соғысының алғашқы раундында америкалық БАҚ екіге жарылды Қытай үкіметі сәрсенбі күні АҚШ-қа сауда қысымын түсіретін шаралар қабылдағаны туралы жария етті. АҚШ басылымдары бұл туралы: «Қытай «еруліге қарулы» деген бейне танытып отыр, АҚШ пен Қытай сауда қатынасы шынында соғысқа ұқсап бара жатыр», – деп бағалады. Екі елдің БАҚ-ы бұл «сауда соғысында» кімнің соғыс құрбаны болатыны туралы жарыса жазуда. 

INFORMBURO.KZ. «"Әміре" фильмі. Актерлар түсіру алаңында біршама қиындықтарды бастан кешкен» - Кинотуындыда қазақтың біртуар, тенор дауысты әншіcі Әміре Қашаубаевтың Париждегі сапары жайлы баяндалады. Онда Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Джордж Гершвинмен (Бен Олдридж) достығы көрініс табады.

JASQAZAQ.KZ. «Айдос Сарым: Hype майып қылмасын» - Қазір hype деген бәле пайда болды. Хайптан «кайф» алатындар көбейіп бара жатыр. Мәдениеттанушы Торстейн Вебленнің бүгінгі ақпараттық заман туралы айтқан мынадай бір сөзі бар: «Біз қазір бір қызық уақытқа дөп келдік. Әр адамның 15 минутқа болса да танылуға хақысы бар».


6 сәуір 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.