Атырау, 25 сәуір 11:16
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жер сілкінісі болған жоқ

3 719 просмотра


Атырау облысы аумағында жер сілкінісі болды деген ақпарат шыңдыққа жанаспайды. Бұл туралы осы мәселе бойынша арнайы 3 сәуірде өткен брифингте Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Замир БЕРДАШЕВ мәлімдеді.

- Жер сілкінісі туралы «Геофизикалық зерттеулер институты» орталығы таратқан ақпаратты Ұлттық сейсмология институты растамады. Өйткені, кеше ғана осы орталықтан жер сілкінісі туралы ақпарат сұратқанымызда ешқандай жер сілкінісі де, салдарынан ғимараттардың бұзылуы тіркелмеді деп жауап берді. Күн сайын ҚР ТЖК, көрші РФ Астрахань облысынан сейсмологиялық жағдай туралы ақпарат алып отырамыз. Жер сілкінісі болса біз білуіміз керек еді ғой,- деді З. Бердашев. 

Сонымен қатар, З.Бердашевтың айтуынша, Атырау облысында сейсмологиялық аумаққа Атырау қаласынан бөлек, Аққыстау, Махамбет, Индер аудандары кіреді. Жер сілкінісі болды деген Жылыой ауданы сейсмологиялық аумаққа кірмейді екен.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

«АЖ» анықтамасы: Жер сілкіну магнитудасы (латынның magnitudo «маңыздылық, мәнділік, ірілік») — сейсмикалық толқындар түріндегі жер сілкінісі кезінде бөлінген энергияны сипаттайтын шама. Күнделікті өмірде магнитуда шамасы Рихтер шкаласы деп аталады. Ол шартты бірліктерден (1-ден 9,5-ке дейін) - магнитудалардан тұрады. Бұл шкаланы көбінесе жерасты дүмпулерінің сыртқы көріністеріне (адамдарға, заттарға, ғимараттарға, табиғи объектілерге әсер ету) негізделген балдық (12 балдық жүйе бойынша) жер сілкінісінің қарқындылығы шкаласымен шатастырады

5 сәуір 2018, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.