Атырау, 20 сәуір 10:05
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Ауыс-түйіс: кімдер келді, кімдер кетті?», «Еуроодақ Орталық Азияда ойлағанына жете ала ма?», «Путин адам емес», «Орыстың елшісін өлтірген Гүлен бе?», «Шетелдіктер қалталарының қамын күйттейді», «Мұқағалиға соқтықпайық!», «“Итімді шығарды…”».

2 200 просмотра

ABAI.KZ. «Путин адам емес» - Путин жеңді. 76 пайыздан асып жығылған дауыс жинады. Бұл – рекорд. Орыс халқы өз президентін құлай сүйетінін тағы бір дәлелдеді. Таңғалмаймыз. Әзіргі әңгіме сайлау туралы емес.

«Орыстың елшісін өлтірген Гүлен бе?» - Режеп Тайып Ердоған билеп-төстеп отырған Түркия жұртында Фетхулла Гүленге деген көзқарас екі ұшты. Бір топ түрік дін насихаттаушысын жақтаса, екіншілері керісінше, оны террорист әм мемлекетті басып алмақшы болған деп біледі. Президент Режеп Тайып Ердоған осы екінші санаттағы саясаткер.

«Ауыс-түйіс: кімдер келді, кімдер кетті?» - Кешегі күн ауыс-түйіс күні болды.  Сонымен, есім-сойы елге мәлім азаматтар өзара орын алмастырды. Айтпақшы, бұл жолы Сенатта бір орын босады. Ал ұлттық қауіпсіздік комитетінің  62 жастағы ардагері жұмыссыз қалды. Енді солар жайлы кеңірек тоқталайық.

«Кемерево. Жемқорлық өрттей лаулаған елдерде қауіпсіздік туралы айтудың өзі артық» - Атамыз қазақ: «Бәле – қайда деме, аяқ астында» дегенді көрегендікпен айтқан. Орыстың Кемеревосында ойын-сауық орталығына көңіл көтеруге барған ондаған адамдар (арасындағы басым бөлігі күнәсіз сәбилер...) тағдырдың жазуымен үйлеріне мәңгі қайтпай қалды...

«Қазақтың тілі кім көрінгеннің ермегі болмауы керек!» - Мемлекеттік тілдің ахуалы жөнінде аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Соған қарамастан, тіліміздің әлі де қоғамдық өміріміздің әр саласындағы қызметі тұрақты  нормаға сай қолданыс құралы бола алмай отырғандығы жасырын емес.

AZATTYQ.ORG. «Сауд Арабиясы туризмді дамытқысы келеді» - Таяу Шығыстың және бүкіл араб аймағындағы ең бай, ықпалды және ең жабық, консервативті мемлекет, "Исламның қасиетті мекені" Мекке мен Мединаның отаны Сауд Арабиясы сәуірден бастап шетелдіктерге туристік виза бере бастайды. Бұрын бұл ел тек кәсіпкерлерге және қажылыққа келушілерге ғана виза берген. Бұл тарихи бастаманы мұрагер ханзада, реформатор Мұхаммед бин Салманның ұсынды.

«Ғалымдар грант қаржысын азсынады» - Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ұлттық ғылыми кеңес гранттарын ұтқан бірнеше ғалым комиссия бекіткен қаржы зерттеу жұмысына жетпейтініне шағынады. Кейбірі алған грантты қайтарып бермек. Ғылыми кеңес зерттеушілерге жобадан бас тартуға рұқсат етпеуі мүмкін.

QAZAQTIMES.COM. «Еуроодақ Орталық Азияда ойлағанына жете ала ма?» - Біздің елімізбен қатар, Кеңестер құрамынан шыққан өзге төрт ел (Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжан) тәуелсіздігін алған уақыттан бері әлемдік және аймақтық ахуалдың өте қатты өзгеріске ұшырағаны анық. Сонымен қатар, осы елдердің Батыстың қызығушылығын оятқаны да белгілі. Аймақта әсіресе "жұмсақ және нормативті күш" әдісі арқылы өзін танытып жатқан Еуропа Одағы (ЕО) да түрлі саяси бастамаларды іске қосты. 

INFORMBURO.KZ. «Жоғары оқу орындарына бөлінетін 20 мың қосымша грант үміткерлерге қандай мүмкіндік береді?» - Мамандар мемлекеттік грант - әлеуметтік жағдайдың жақсаруына септігін тигізетін тегін оқуға мүмкіндік дейді. Бірақ бұған сенімсіздік танытып отырғандар да бар.

«Қытайға бару қауіпті ме? Саудамен барып қайтқан кәсіпкердің әңгімесі» - Ішкі Қытай мен Шыңжаң өлкесінде айырмашылық бар ма? Тауарды көтеріп сатып алу үшін саудагерлерге қайда барған жөн? Осы жолда қандай мәселелер шығуы мүмкін?

TURKYSTAN.KZ. «Шетелдіктер қалталарының қамын күйттейді» - Экономика дамымаса, халықтың тұрмысы жақсармайды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері талай дағдарысты бастан өткерді. Оның бәрінен қиналмай шықтық.  Бірақ еліміздің тек мұнай мен газға тәуелді экономикасы бізді тығырықтан шығара ма? Біз экономикадағы бүгінгі қалыптасқан ахуал жайында белгілі экономист Мағбат Спановты әңгімеге тартқан едік.

«Юань әлемдік валютаға айналды ма?» - Әлемдік нарықта мұнай бағасы тұрақтанбай тұр. Бірақ наурыз айында мұнай экспорттаушы елдер ұйымының Бас хатшысы Мұхаммад Баркиндо биылғы жылы қара алтын бағасы тұрақтануы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның үстіне, Шанхай биржасында мұнайдың юаньмен саудалануы да әлемдік нарыққа өз ықпалын тигізуде. Қытайдың бұл әрекеті шикізат экспорттаушы елдер арасында үлкен қызығушылық туғызуда.

 DALANEWS.KZ.  «“Итімді шығарды…”» -  Әріптесін атып өлтірген әскери мәлімдеме жасады. Өткен сенбіде елімізді дүр сілкіндірген Талдықорғандағы қанды оқиға туралы тың дерек мәлім болды, деп хабарлайды «Время» газеті.

ZHASALASH.KZ. «Мұқағалиға соқтықпайық!» -   Мұқағалиды күстәналаған қазіргі сөзді ол кезде айтқан жоқсыз. Бүгін ғой өзгеріп басқаша сөйледіңіз...


5 сәуір 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.