Атырау, 20 сәуір 12:17
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қылмыстар», «Құрманғазы батыстың ғана күйшісі ме?», «Жиырма бес жыл бойы туризм саласы бағаланбады», «Батыс пен Ресейдың от пен судай отаса алмайтыны қалай?».

2 113 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Мұнайшы кәсіби ауруға шалдыққанын дәлелдеді» - Атыраудағы Saipem компаниясы филиалының бұрынғы мұнайшысы кәсіби аурумен ауырғанын сотта дәлелдеп шықты. Енді ол компаниядан тиісті өмірлік өтемақысын алуға тырысып жүр. Құқық қорғаушы еңбек инспекторының жұмысшы құқығын табанды түрде қорғауы сирек кездесетін жайт екенін айтады.

«Мэр сайлауын жоюға қарсы митинг не береді?» - Дүйсенбі күні Ресейдің Екатеринбург қаласында тұрғындарды қала мэрін тікелей сайлау мүмкіндігінен айыратын заң жобасына қарсы митингіге бірнеше мың адам шықты.

BAQ.KZ. «Жиырма бес жыл бойы туризм саласы бағаланбады» - Форумға түрлі елден келген 200-ге жуық маман қатысып, туристік салаға жаңа теxнологияларды енгізу, e-туризмнің заманауи трендері, қолөнер мен кәдесыйлар индустриясы, қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жаңа жолдары, мейрамхана бизнесі болашағы сынды тақырыптарды талқылады.

ABAI.KZ. «Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан қылмыстар» - Есі дұрыс емес қазақ, Қытайдан тарихи отаным Қазақстан деп көшіп келмейді. Яғни, Қытайдан келген қазақтардың келген кезде 100 пайыз есі дұрыс. 

«Жерінде бөтен елдің 5 әскери базасы бар ел қаншалықты тәуелсіз?» - Күллі әлемге сүйкімі кеткен Кремльдің қожайыны Владимир Путин өткен жолғы сайлауалды саяси жолдауында әскери әлеуетінің әлемде теңдессіз екенін айтып кеудемсоқтық көрсетіп еді.

DALANEWS.KZ.  «Айтыстың обалына қалған адамды дүйім Қазақстан таниды» - “Ақындардың сөзiнен және кейбiр телеарналардағы қызметкерлердiң әңгiмесiнен байқағаным – айтыстың обалына қалған адам үлкен зиялы азамат сияқты”.

 SERKE.ORG. «Құрманғазы батыстың ғана күйшісі ме?» - Атамның басы-ай! Атамның басы-ай! Туканың әзілінде осылай деп таусыла сөйлейтін жері барын бар қазақ білетін шығар. Сол «атамның басы-ай!» боп тұр. Әркім өзінің атасының басына тартады. Басқаны қойғанда, бізде патриоттық рухты көтеруі тиіс ескерткіштер мен музейлерде де жершілдікке бұра тарту бар. 

QAZAQTIMES.COM. «Батыс пен Ресейдың от пен судай отаса алмайтыны қалай?» -  Батыс елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынас бұрынғы жаңа «қырғи қабақ соғысына» айналғанын әлем ақпарат кеңістігі тынбай қайталап жатыр. Дегенмен, кейбір сарапшылар онымен де келіспейді. Олар мұндай баға беру Ресейді Кеңес одағы деп қараумен бірдей немесе екі дәуірдегі айырмашылықты ескермеу деп қарайды. Алайда, мәселенің салмағы оның не деп аталуында емес, қайта екі тараптың ашық қарсылыққа қарай бет алуы. 


4 сәуір 2018, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.