Атырау, 24 сәуір 21:16
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сойылмен сабақ үйретеді

3 563 просмотра


Құлсары қаласындағы Жазықбаев атындағы №16 мектеп ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында резіңке сойылмен және металл іздегіштермен жарақтанған күзетшілері бар екі пост сұраған болатын.

Оқу орны күзет ұйымын жалға алатынын және оның қызметі үшін жылына 2 млн теңге беруге уәде еткені туралы хабарландыру «Мүлікті және адамдарды қорғау/патрульдеу қызметтері» бөлімінде жарияланды. Онда мынадай талаптар қойылған: мектеп аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жедел әрекет ету топтарының болуы, бастысы – оқушылар мен педагогтардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін қорғау.

«АЖ» тілшісі №16 мектеп директоры Назгүл ШАРҒАБАЕВАҒА хабарласты.

- Сіздің хабарландыруыңызды көріп, сәл таң қалдым. Атырау мектептерінде, мәселен, кәсіби күзетшілер жоқ.

- Ал колледждер мен жоғарғы оқу орындарында бар. Біз де соны ұстануға шешім қабылдадық. Қауіпсіздікті кәсіби мамандардың қамтамасыз еткені жаман ба?

- Сіздерден кейін Қосшағыл ауылының мектебі мен Құлсарыдағы №17 мектеп те күзет қызметіне өтініштер берген...

- Иә, өйткені біз бір-бірімізбен бөлісеміз. Егер оң тәжірибе бар болса, біз оны қабылдаймыз.

- Мүмкін, бұл қылмыстың көбеюіне байланысты шығар?

- Бізде қылмыс жоқ. Біздің мектеп тыныш, балалар салмақты. Кәсіби күзет болса, жақсы болар еді деп шештік. Дәліздерге және аумаққа бейне камералар орнатып жатырмыз. Әкімдіктен не сұрасақ, бізге беріп жатыр.

- Демек, сіз мұны алдын-алу мақсатында және өз бастамаларыңыз бойынша жасап отырсыз ғой?

- Иә-иә. Ауданның бұған еш қатысы жоқ.

Шынымен де, бастама солардан түсіп отыр екен. Бұған Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВТЫҢ комментарийі дәлел болады:

- Бұл хабарландыру туралы бізге ешкім ескерткен жоқ, бірақ Құлсарыда күзетілетін мектеп болатыны жақсы екен. АҚШ-та психикалық науқас жандар қаруланып,  мектепке кіріп кеткен қанша жағдай болды. Біз балалардың қауіпсіздігі үшін ақша үнемдемеуіміз керек. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 сәуір 2018, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.