Атырау, 29 наурыз 16:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Құжатсыз қазақтар:олар санда да, санатта да жоқ», «Полиция Forbes пен Ratel-дің кеңсесіне жетті»,«Қазақстан қазынасы артуда», «Әбілязовтың әлсіз жері неде?»,«Жаңа ипотекалық бағдарламадан кім шыға алады?​», «Invest Online қор нарығына қамқоршы бола ма?».

2 172 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Полиция Forbes пен Ratel-дің кеңсесіне жетті» - Сәуірдің 2-сінде Алматы Ішкі істер департаменті Ratel.kz және Forbes Kazakhstan журналының редакциясында компьютерлерді тексеріп, құжаттарды тәркіледі. Бірнеше журналистің ұсталғаны хабарланды.

«Түркияда ғылымға келетін қазақ жастары байқалмайды» - Түркия ғылыми орталығында жұмыс істейтін қазақстандық зерттеуші осы елдегі ғылымға жасалған жағдайдың ерекшелігі туралы айтады.

«Телефон сатушы "терроризм айыбымен" сотталды» - Шымкенттегі "Гарант" дүкенінде "терроризмді насихаттады" деп ұсталған "телефон сатушы" жігіттің ісіне қатысты сот шешімі шықты.

ABAI.KZ. «Құжатсыз қазақтар: олар санда да, санатта да жоқ» - Иә, олар санда да, санатта да жоқ. Сан мен санатта қайдан болсын, өйткені: шетінен құжатсыз. Қазақ, бірақ, Қазақстанның азаматы емес. «Нұр Отан» партиясының пәрменімен өтіп келе жатқан «Көш көлікті болсын!» Республикалық акциясының үшінші отырысы, міне, осы мәселеге арналды. 

AIKYN.KZ. «Хиджама жасау: дұрысы қайсы, бұрысы ше?» - Хиджама жасау әдісі көбейді. Оның пайдасы да жоқ емес. Халық медицина өкілдері ағзадағы түрлі дерттен сауықтырудың жолы – хиджама деп қарайды. 

«Кемеңгер шұғыласы» - Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық мерей­тойына орай туған ойлар.

«Invest Online қор нарығына қамқоршы жоба бола ма?» - Ұлттық банк 27 наурыздан бастап Invest Online жобасын іске қосты. Блокчейн технологиясының негізінде жұмыс істейтін мобильді қосымша халыққа қаржы реттеуші шығарған ноталарға онлайн-режимде инвестиция салып, қаржы айналымын смартфонның көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан қазынасы артуда» - Қазақ жерінің қойнауындағы қазынаның барланған қоры көбейді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі мәлімдеді. Атап айтқанда, 2017 жыл бойғы геологиялық барлаулар нәтижесінде Қазақстанның алтын ресурсы тағы мың жарым тоннаға, ал мыс пен полиметалдар ондаған миллион тоннаға ұлғайып отыр.

DALANEWS.KZ.  «Әбілязовтың әлсіз жері неде?» - “Хабар 24″ арнасынан Франциядағы Қазақстан елшілігінің Париждің әйгілі Лувр алаңында Наурыз мерекесін ұйымдастырғанын көріп қуанып қалдық. Бұған «әзір Парижде бой тасалап жүрген Мұхтар Әбілязов неге қатыспады?» деген ой келді. Әбілязов өкпе-ренішін уақытша ұмытып, осы шараға қатысуына болар еді ғой. Оны ешкім қумас та еді. Бірақ қатыспады. Түрі қазақ болғанымен жаны орыс оның. Басты кемшілігі осы.

 SERKE.ORG. «Полиция редакцияны тінтіп, журналистерді ұстады. Неге?» - Forbes Kazakhstan (forbes.kz)  және Ratel.kz сайттарының редакцияларына полиция тінту жүргізді. Кейбір мәліметтерде тінтушілер редакциялардағы құжаттар мен компьютерлерді алып кеткені және Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіпов, оның орынбасары Сапа Мекебаев және журналист Анна Калашникова, сондай-ақ forbes.kz сайтының бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтің ұсталғаны айтылды.

ҚАЗТАГ. «Жаңа ипотекалық бағдарламадан кім шыға алады?» - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) ипотекалық бағдарламасы, оның атауы «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері», шектеулі адамдар санына арналған бағдарлама болу қаупі бар. Бұл тұжырымға ҚҰБ Басқарма Төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың соңғы мәлімдемесін мұқият талдау барысында көз жеткізуге болады.


3 сәуір 2018, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.