Атырау, 17 сәуір 04:46
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

АҚШ визаға өтініш бергендердің желідегі парақшаларын тексермек

1 860 просмотра


АҚШ президентінің әкімшілігі америкалық визаға өтініш берген азаматтардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі жөнінде ақпарат жинамақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап.

Бұл жаңа талапты мемлекеттік департамент ұсынған. Енді АҚШ визасын алуға өтініш білдірген азамат әлеуметтік желілердегі аккаунттары жөнінде ақпарат беруі тиіс. Азаматтар соңғы бес жылдағы әлеуметтік желілердегі аккаунттары жөнінде деректі ұсынуы қажет. Жаңа талап жылына шамамен 14,7 млн адамға қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар, визаға өтініш білдіргендер соңғы бес жылда қайда барғаны, телефон нөмірі, электрондық почтаның адресі туралы да ақпарат беруі тиіс. Сондай-ақ олар қай елден шығарылғаны жөнінде әрі «туыстарының террористік ұйымдармен байланысы бар ма?» деген сұрақтарға жауап беруі керек.

Алайда бұл талап АҚШ-пен визасыз режим орнатқан елдер: Ұлыбритания, Канада, Франция және Германияға қолданылмайды. Басқа елдің азаматтары, яғни аталған елмен визасыз режим орнатпаған мемлекеттер Үндістан, Қытай, Мексиканың азаматтарына аталған талап қолданылуы мүмкін.

АҚШ билігі жаңа шектеулер террористерді анықтауға мүмкіндік береді деген пікірде.

Айта кетейік, АҚШ әлеуметтік желілерге 2015 жылы Калифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында болған қайғылы жағдайдан кейін мән бере бастаған. Онда атыс салдарынан 14 адам қаза тапқан.

Осы жағдайдан кейін билік өкілдері аталған іске қатысы бар азаматтың әлеуметтік желісіне рұқсат берілмегенін айтып, аталған жағдайды бақылаудан шығарып алғанын мәлімдеген.

Өткен жылдың мамыр айында күшіне енген ережеге сәйкес, билік өкілдері жаңа талапты азаматтың жеке басын растау үшін және визаға өтініш білдірген тұлғаның жеке мәліметтерін мұқият тексергісі келсе ғана қолдана алады.

«Визаға өтініш беру динамикалық процесс болып саналады. Оған қойылатын талап уақыттың талабына сәйкес өзгеріп отыруы тиіс», - дейді АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде.

Бұл үзіндіні New York Times газеті келтіреді.

«Қазіргі таңда біз контактілер, сапарлар, отбасы мүшелері және бұрынғы мекен-жайлары жөнінде шектелген мәлімет беруді сұрап отырмыз. Визаға өтініш берген азаматтардан қосымша ақпараттар жинау азаматтың жеке басын куәландыруды күшейтеді», - делінген мәлімдемеде.

Құқық қорғаушы ұйымдар жаңа талапты айыптап, бұл азаматтардың жеке өмірі мен өз ойын еркін жеткізуге шектеу келтіретінін мәлім етті.

«Енді адамдар «әлеуметтік желілердегі жазбаларымызды шенеуніктер дұрыс түсінбей қалмай ма?» деген ойда жүреді», - дейді америкалық азаматтардың бостандығы ұйымының мүшесі Хина Шамси.

Мемлекетік депатарент ұсынған жаңа талапта Instagram, LinkedIn, Reddit және YouTube әлеуметтік желілері бар. Алайда New York Times басылымының хабарлауынша, енді бұл тізімге қытайлық Weibo және ресейлік «ВКонтакте» желісі кіреді.

Дереккөз: Baq.kz

2 сәуір 2018, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.