Атырау, 28 наурыз 19:08
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мектеп аймағы

Сурет Бейнежазба
3 159 просмотра

Қала орталығындағы «Насиха» сауда үйінің артындағы үлкен бір аумақты гараждар алып жатыр, араларында иесіз, пайдаланылмайтындары да бар. Бұлардың көпшілігі өткен ғасырдың 60-жылдары салынған, қирап, айналасы қоқысқа толған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардан басқа ешкімді алаңдатпайтын сияқты. 

- Иесіз ашық гараждарға қаңғыбастар жиналып, ішімдік ішеді, от жағып, тамақ пісіреді. Солардың кесірінен жарты жыл бұрын өрт шықты,- дейді Дружба көшесінің тұрғыны Ержан БАЯЗИТОВ.

Бұл аймақты нашақорлар да сүйікті орынға айналдырған, тұрғындар бұлардан соң инелердің де шашылып жататынын айтады. Адамдар осы жер арқылы орта мектеп пен балабақшаға барып келетін балалары үшін қауіптенеді.

- Бұл гараждар кеңес үкіметі кезінен бері тұр. Кейбірі өз мақсатында пайдаланылып жатса, кейбірінің иелері атыраудан көшіп кеткен,- дейді Қалалық сәулет бөлімі басшысының орынбасары Әнуар БАЙҚАДАМОВ. - 2016 жылы бекітілген Бас жоспары бойынша, осы аумаққа көппәтерлі тұрғын үйлер салу қарастырылған. Егер, ол орынға инвесторлардан тұрғын үй салуға өтініш түскен жағдайда, сол жердегі апатты үйлермен бірге гараждар да күреледі. Гараждар қирап жатса да, оны күреу үшін заң бойынша арнайы комиссия құрылып, иелерін табу керек. Өйткені олардың жер учаскесіне құқықтық құжаттары бар.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Суреттер мен видеоны түсірген автор

2 сәуір 2018, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.