Атырау, 28 наурыз 21:21
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Қамаудағы 68 адамның өліміне күдікті полицейлер ұсталды

1 948 просмотра


Венесуэланың Валенсия қаласындағы изоляторда 68 адамның өліміне себепші болды деген күдікпен бес полицей ұсталды. 

Бұл жайлы Венесуэла бас прокуроры Тарек Уильям Сааб Туиттердегі парақшасында мәлім етті. «Карабобо штаты полициясының бес қызметкерін ұстауға ордер берілді. Олар жергілікті полиция басқармасының изоляторында 68 азаматтың өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаларға қатысы бар деген күдікке ілікті. Күдіктілер ұсталды», - деп жазды бас прокурор. 

28 наурыз, сәрсенбі күні Валенсия қаласындағы жергілікті полиция басқармасының оқшаулағышында тәртіпсіздіктер мен өрт болып, соның салдарынан 68 адам қаза тапқан еді. Осы оқиға жұртшылықты қатты алаңдатқан. Қазір тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

2 сәуір 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.