Атырау, 20 сәуір 14:39
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Мағбат Спанов: Билік транзитіне жаппай дайындық жүріп жатыр», «Көк түсті шардан Астананың "мазасы қашты"», «Атамбаевтың билік партиясына оралуы қазақ-қырғыз қатынасына әсер ете ме?», «Галеотти: "Долы риториканың күні өтті"».

2 170 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Атамбаевтың билік партиясына оралуы қазақ-қырғыз қатынасына әсер ете ме?» - Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев билік партиясына төраға болып сайланды. Партия съезінде ол Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке «достық сын» айтты. Сарапшылар «бұрынғы және қазіргі президенттер арасында қайшылық байқалғанын» айтады. 

«Галеотти: "Долы риториканың күні өтті"» - Ресей мен Батыстың қарым-қатынасын зерттеп жүрген белгілі ұлыбританиялық саясаттанушы, Кремль саясаты бойынша сарапшы Марк Галеоттимен сұхбат.

«Көк түсті шардан Астананың "мазасы қашты"» - Батыс баспасөзі Наурыз мейрамында көк шарға қатысты шу шыққаннан кейін қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтің Қазақстанда қаншалықты қолдауға ие екенін бағалауға тырысқан. Сонымен бірге, басылымдар Rotschild & Co қаржы холдингі Қазақстанның ұлттық компанияларын жекешелендіру бағдарламасына қатысты ақыл-кеңес бергені туралы жазған.

«Иран президенті Түркіменстанға барғанда 283 тұтқын қайтарылды» - Иран президенті Хасан Роухани Әзербайжанға бара жатқан жолында Түркіменстанға аялдады. Тегеран Иранға газ сатуды шектеген Ашғабатпен қатынасты оңдауға тырысады.

ZHASALASH.KZ. «Мағбат Спанов: Билік транзитіне жаппай дайындық жүріп жатыр» - Назарбаевтың сыртқы саясатын жалғастыра алатын және халық қолдайтын тұлға ретінде бір ғана адамды көріп тұрмын. Ол – Қазақстанның Ресейдегі қазіргі елшісі.

«Айтыстағы “қуды” қуалап келсек…» - Алдымен қуанышты екенімізді жеткізгіміз келеді. Соңғы бірер жылдан бері көзден таса болып, Жүрсін Ерманның ғана емес, бүкіл жанкүйерлердің де  көңілін күпті етіп жүрген айтыс өнерінің жарқ етіп, ортамызға қайта оралуы шаттыққа бөлегені рас. Бұл жолы олар «Жүрсіннің жүйріктері» деген айтыс жобасымен көрінді.

ABAI.KZ. «Шаханов: Шындықтан мүлде шет жүру, ұлт намысын пенделікке тептіру емес пе?!» - Бүгінгі кезеңде бүкіл қазақ халқын рулық сезім жаулап алды. Біреумен жолыға қалсаңыз, ол міндетті түрде алдымен қай жүзден, қай рудан екеніңізді сұрайды. Рас, әркім ата-тегін, руын білгені жөн. Бірақ, рулық сезім бүкіл қазаққа ортақ – елдік, ұлттық мүддені басып кетпеуі керек. Өкінішке орай, қазір солай болды. Кей жерлерде әрбір ру өздеріне арнап, жеке бейіт салып алған. 

«Лотореялық терминалдар құмар ойын саналмай ма?» - Бүгінде Алматыдағы екі дүкеннің бірінен ойын автоматтарын кездестіресіз. Қаланың төменгі және шеткі аудандарындағы адам көп жүретін жерлерде автоматтар қос-қостан тұр.

QAZAQUNI.KZ. «Сексен жыл бұрын шабылған бәйтеректер» - Былтыр және биыл «үлкен террор» деп атаған қанды саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толады. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің құрылуына, Алаш мемлекеті туының көтерілуіне де, Қазан төңкерісі мен кеңес үкіметінің орналастыруына да бір ғасыр толды. Сталиндік қызыл террор Алаш зиялыларын да, кеңес үкіметін орнатысқандарды да аяған жоқ.


2 сәуір 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.