Атырау, 29 наурыз 12:22
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Алматыдан 720 және 397 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді

2 108 просмотра


Бүгін, 1 сәуірде Алматыдан 720 және 397 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Сейсмологтердің мәліметінше, 1 сәуірде таңғы сағат 07.18-де  Алматыдан шығысқа қарай 720 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1, магнитудасы - 5.0. Зілзала ошағы 5 шақырым тереңдіктен анықталды. 

Алайда жер сілкінісі сезілмеген. Шамамен бір сағат өткенде магнитудасы 4,7 болатын екінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 08.29-да тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, зілзала ошағы 15 шақырым тереңдіктен анықталды. Алайда бұл жер сілкінісі де сезілген жоқ.

Еске сала кетейік, 26 наурызда Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Ол кезде зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырымда , Қапшағайдан оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде болды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

1 сәуір 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.