Атырау, 20 сәуір 12:03
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 61-ге жетті

2 039 просмотра


Осыған дейін жұқпалы аурулар ауруханасына 23 адам түскені туралы хабарланды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шымкентте жаппай балдмұздақпен улану жағдайының тіркелуіне байланысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BNews.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыздың 29-ынан 30-на қараған түні Шымкенттің жұқпалы аурулар ауруханасына 61 адам балмұздақпан улану күдігі бойынша жеткізілді. Аталған жағдаймен байланысты 41 адам ауруханаға жатқызылды, оның 20-ы балалар. Тағы 20 зардап шеккен адамға амбулаторлық ем тағайындалды. Алдын ала диагноз – ішек инфекциясы мен тамақтан улану.

Белгілі болғандай, барлық зардап шеккендер жемісті жұмсақ балмұздақ жеген. Балмұздақтар жеке кәсіпкер М.Ишмуратоваға тиесілі Республика даңғылы бойындағы сауда нүктесінен сатып алынған. Алдын ала мәлімет бойынша, балмұздақ қоспасы үй жағдайында жасалған. Осыған орай балмұздақты дайындау және сату талаптарының сақталуына байланысты тексеру жұмыстары басталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 23 адам тағамнан улану диагнозы бойынша жеткізілген болатын. Уланып қалған балалардың ата-аналары Республика даңғылы бойында орналасқан "Қиял әлемі" саябағы жанындағы "Южное" дүкенінен сатып алынған балмұздақтарты балалар 27-28 наурыз күндері жегенін нақты айтты.

Ал Камила Санаева есімді басқа азаматшаның төрт баласы мен туыстарының алты баласы уланған. Ол да барлық бала балмұздақты сол "Южное" дүкенінен алғанын айтты. Балалардың дәл сол дүкеннен сатып алынған балмұздақтардан уланғаны туралы деректі, Камила Санаеваның айтуынша, оның тәттіден бас тартқан бір баласының денсаулығы толықтай жақсы екендігі растайды.

Дереккөз: bnews.kz

30 наурыз 2018, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.