Атырау, 28 наурыз 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Бекетаевтың "Жалпы позитивті бағасы" мен көңілі қалған адвокаттар», «"Экстремиске" айналған "қастандыққа тапсырыс беруші"», «Ким мен Шидің кездесуін кім қалай бағалады?», «Батыс орыс тыңшыларынан тазарып жатыр. Біз ше?..».

2 005 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Оралман отбасына азаматтық алу арман» - Қытайдан келген қазақ отбасына азаматтық алу мұң болды. Көші-қон полициясы олардың оралман куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін алға тартады. Оралман отбасы ықтиярхат рәсімдеуді созып жіберді деп полицияны кінәлайды.

«Бекетаевтың "Жалпы позитивті бағасы" мен көңілі қалған адвокаттар» - Сәрсенбіде Қазақстанның парламент мәжілісі пленарлық отырыста "Адвокаттар қызметі мен заңды көмек туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Әділет министрі Марат Бекетаев құжатты сынаған халықаралық сарапшылар ақпаратты түгел алмағанын мәлімдеді.

«"Экстремиске" айналған "қастандыққа тапсырыс беруші"» - Астананың қолы жетпейтін жерде тұрып жатқан бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтің билік қалыптастырған "жау" бейнесінің сипаты кейінгі кезде өзгеріп барады. Билік бұған дейін экономикалық қылмыс жасады деп айыппен сырттай соттаған Әблязовті енді "адам өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде және экстремизмге қатысты айыптап жатыр.

«Қазақстанның ЕО-мен шикізат саудасы ғана өсті» - Ақорданың Қазақстан-ЕО келісімін ратификациялағанына келесі айда екі жыл толады. Елдің ұлттық экономика министрлігінің өкілі «Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы ең басты сауда-саттық серіктесі» деп атайды. 

QAZAQTIMES.COM. «Ким мен Шидің кездесуін кім қалай бағалады?» -  Қытай үкіметі жасаған мәлімдемде, Ким Жоң Ун Корей түбегінің ядролық қарусыздануына күшін салатынын айтқан. Алдағы уақытта осы мәселе жөнінде Оңтүстік Корея мен Құрама Штат басшыларымен де кездесетінін жеткізді.

«Қытай доллардың "дәуреніне" мұнай биржасы арқылы нүкте қоя ала ма?» -  Бейжің билігі Америка долларынан бас тарту себебін ендігі жерде Қытайдың қара алтынды импорттаушы ірі елге айналғандығымен және бұдан кейінгі сауда-саттық кезінде өзге елдің валютасын пайдаланудың негізсіз екендігімен түсіндірді. 

ABAI.KZ. «Батыс орыс тыңшыларынан тазарып жатыр. Біз ше?..» - Батыс пен Ресейдің арасы алшақтаған үстіне алшақтай түсті. Бұған себеп – Ресей Бас барлау басқармасының бұрынғы тыңшысы, полковник Сергей Скрипальдің улануы болды.

QAZAQUNI.KZ. «Отандық сарапшылар еліміздегі тұрғын үй саясаты мәселелерін талқылады» - Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Дегенмен, мемлекет тұрғын үй құрылысына қаржы беріп, әлеуметтік мәселелерді ғана шешпейді, ол экономиканың құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, солармен шектес өңдеу секторларын, көлік, банк секторлары сияқты салаларды ынталандырады.

TURKYSTAN.KZ. «Қазақтың бір үмітіне айналған банк» - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сатып алуға ниеттілердің қатары көп болғанымен, қарапайым халықтың баспаналы болуына көмектесіп отырған банкті сатуға қарсылық танытатындар да аз емес. 26 наурызда Мәжіліс депутаттары да банкті саудаға шығаруға қарсы екендіктерін білдірді. Халық қалаулыларының сөзінше, мемлекет есебінен төмен пайызды ипотекалық несие беріп отырған банк кәсіпкерлердің қолына түссе, қарапайым жұрт жеңілдіктен қағылуы әбден мүмкін. Қазіргі уақытта салымшыларының саны миллионнан асып жығылатын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жекешелендірілсе, үйдің бағасы қымбаттап кетуі ықтимал. 

«”Сауда соғысынан” тайсалмаған Трамп» - Дональд Трамп «Қытайдың экономикалық агрессиясына қарсы күрес» меморандумына қол қойды. Бұл дегеніңіз – Қытайға қарсы сауда соғысын жариялау. Пекин бұрын-соңды мұндай жағдайға тап болмаған. Жер жүзінде халқының саны жөнінен бірінші орын алатын Қытайдың экономикалық ахуалы әлемдік көшбасшылардың қатарында. Осыны ескерсек, Пекин Ақ үйдің бұл шешімін жауапсыз қалдырмайды.


29 наурыз 2018, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.