Атырау, 29 наурыз 19:36
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

4 084 просмотра

ЕРКІН КҮРЕС


Ақтөбеде өткен жастар арасындағы ел чемпионатында Атырау қаласының жоғары спорттық шеберлік мектебінің шәкірті Талғат Сырбас тамаша өнер көрсетті.

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол алты жекпе-жек өткізіп, бәрінде де мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Талғат шілде айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғау құқығын алды. Чемпионды бапкерлер Аслан Жаманбаев пен Нәсіпқали Кәукенов дайындады.

***


ТАЕКВОНДО


«Атырау» ДСК-де кадеттер арасында ҚР чемпионаты өтті. Атырау командасы бір күміс және бірнеше қола жүлделер алды.

Күміс алқаны Жаннұр Оранқұлова, қола алқаны - Хадиша Ахметқалиева, Айзада Сағындықова, Арайлым Асқарова, Алмас Ерғалиев, Есбол Елеусінов, Әлия Тілеген мен Эльназ Нажимова алды. Олардың бапкерлері: Б.Төребаев, Н.Дүйсембаев, С.Сардарова, А. Арықов, А.Қасаев, Р.Аманғалиев және Н.Тажіғұлова.

* * *


1-БЖСМ-де таеквондо бойынша республикалық турнир өтті.

Атырау командасының құрамында Эльнас Нажимова, Ботагөз Бекмағамбетова, Жарас Төлеміс, Азина Домбаева, Шұғыла Бегәлі, Әсел Мақсот, Анарбек Шаймерденов және Нұрғиса Сағадатов жеңімпаздар атанды.

***


ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ


«Геолог» ДСК-де 2004-09 жж. жасөспірімдер арасында Атырау чемпионаты өтті. Сайысқа 70-тен астам спортшы қатысты.

Бапкерлер Атырауда классикалық күрес «географиясының» кеңейе түскенін атап өтті. Жақында қала маңындағы Ақжар ауылында секция ашылып, 2 чемпион шықты. Өз салмақ дәрежелері бойынша Алдияр Тельманұлы, Наурызбек Темірғали, Мәди Мұханбетов, Абылайхан Қамзаев, Равиль Мұқашев, Темірлан Бағыт, Ерболат Базарбай, Арсен Шаруханов, Әмір Қадыров, Жанарыс Бақтығали, Жаслан Аманғалиев және Никита Усачев жеңіске жетті. «Жеңіске жігері үшін» және «Үздік техникасы үшін» арнайы сыйлықтарымен тиісінше Нұрболат Базарбаев пен Р.Мұқашев марапатталды.

 ***


МУАЙ-ТАЙ


Атыраулық спортшылар Талдықорғанда өткен ҚР чемпионатында өздерін жақсы жағынан көрсетті.

Облыс құрамасының қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 6 қола алқа бар. Айымгүл Асанова, Еламан Саясатов, ағайынды Ищан және Әбіл Ғалиевтар ел жеңімпаздары атанды; Дидар Жеңіс, Нұрлыбек Ордабаев және Дидар Болатов күміс алқа; Аида Хайруллина, Артур Өтешов, Әділет Төребаев, Әлішер Мұхтаров, Ерлан Иманғалиев пен Жұмабек Мыңбай қола алқа жеңіп алды.

***


ФУТЗАЛ

І және ІІ лигада футзал бойынша Атырау чемпионаты аяқталды.

Бірінші лигада чемпиондық тағдыры соңғы турда шешілді: «Өмірзақ Юнайтед» командасы «Мединаны» бір ұпайға басып озып, алтын алқа иеленді. Қазір бұл екі команда Атырау қаласындағы Премьер-Лигада ойнайды.

Үшінші орынға «Локомотив» ие болды, ол Премьер Лигаға шыққаны үшін өтпелі матч ойнау құқығын алды.

Екінші лигада чемпионат аяқталғанға дейін 2 турда бірінші орынды «Олимп» командасы, екінші орынды «Чехов» командасы алды. Олар бірінші лигаға көшті. 3-ші орын алған мақаттық «Азамат» командасы «Университет» командасымен өтпелі матчта бақ сынасады.

***    


ТУРНИР

«Динамо» спорт кешенінде құқық қорғау органдарының арасында мини-футбол бойынша ашық турнир өтті.

Сайысқа 14 команда қатысты. Нәтижесінде 1-орынды оқу-жаттығу взводы (ОЖВ), 2-ші орынды Төтенше жағдайлар департаменті, 3-орынды жедел әрекет ету жиынтық жасағы иеленді. Ойыншылар: қақпашы Сергей Хуртин (ОЖВ), қорғаушы Серік Ботпенов (ОЖВTV), шабуылшы Руслан Бағытов (Исатай АІІБ) үздік ойыншылар деп танылды.

***


САМБО

Мәскеуде «Самбо-70» спорт сарайында самбо негізін қалаушы «А. Харлампиевтің мемориалы» Әлем Кубогы өтті.

Атыраулық жаттықтырушы Қайрат Досқалиевтің шәкірті Парасат Жұмбай 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Латвия, Италия және Моңғолия өкілдерін жеңді. Бірақ, финалда ресейлік Руслан Багдасарянға жол беріп, күміс алқаны місе тұтты.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ.

29 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.