Атырау, 28 наурыз 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 702 просмотра


Наурыз қарсаңында Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны Т. үш ауылдасымен карт ойнап, ойын кезінде бірімен ұрысып қалып, үйінен аңшы қаруын алып келіп, оны екі мәрте атқан. Жараланған ауылдасы аудандық ауруханаға жеткізілді, ал Т-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Аудандық сот оны 2 айға қамауға алуға санкция берді.

***

Бірге ішімдік ішу кезінде Атырау қаласының тұрғыны И. әйелімен ұрысып қалып, оның иығына пышақ салып алған. №2 қалалық сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

***

Наурыздың 25-де «Дина» базарында «Газель» көлігі өртеніп кетті, зардап шегушілер жоқ.

***

Полиция 8 наурызда бөтелкелесін пышақтап өлтірген Атырау тұрғынын ұстады. Сот күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді.

***

Жыл басынан бері Атырау полициясына интернет алаяқтарының құрбандарына айналған 20-дан астам азамат шағымданды. Мәселен, зардап шегуші тауар сатып алу үшін 400 мың теңге аударған. Содан кейін жалған сатушы байланысты үзіпті.

29 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.