Атырау, 29 наурыз 00:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Он жылдап отыра береді – Нығматулин адвокаттық алқа басшыларына қатысты ойын білдірді

2 298 просмотра


Палата спикерінің келтірген мәліметінше, Ақтөбе облысында алқа басшылығы 33 жылдан бері өзгермеген.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин адвокаттық алқа басшыларының қызмет ету мерзіміне қатысты шектеу қою туралы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заң жобасына енгізілген норманы қолдады, деп хабарлайды BNews.kz
.

Отырыс барысында депутат Павел Казанцев баяндамашыға адвокаттардың жетекшілік қызметтегі мерзімі туралы сұрады.

"Заң жобасы бойынша жетекшілік ету мерзімдеріне шектеу қойылады. Бір адам, оның ішінде президиуим басшысы да бар, президиум алқасында бір мерзімнен артық отыра алмайды. Оның мерзімі  4 жыл. Мұндай мерзім не үшін жасалып отыр", - деді Казанцев.

Өз кезегінде Әділет министрі Марат Бекетаев бұл нормамен жұмыс барысында, әлемдік тәжірибеге назар аударылғанын айтты.

"Осы нормаға қатысты жұмыс кезінде әлемдік тәжірибені сараладық. Онда бір-екі жылдық мерзім көрсетілген. Сайлаушылар саны бойынша шектеу жоқ, алайда алқа және палата басшылары екінші және үшінші рет сайлануы өте сирек, өйткені олардың төрағаларына жалақы жүрмейді немесе өте төмен болады. Ал бізде төрағалар еңбекақы алады, алайда практика жоқ. Бұл шарасыздықтан жасалып отыр, өйткені біз адвокаттар алқасы жұмысының төменгі тиімділігін байқап отырмыз", - деп жауап берді Бекетов депутат сауалына.

Палата спикері Нұрлан Нығматулин жаңа норманы қолдай келе, ұзақмерзімді адвокаттар алқасының жетекшілері бәсекеге қабілеттіліктің дамуына және заң қызметтері сапасының жоғарлауына кедергі келтіретінін айтты.   

"Біз жиі заң қызметтерінің, заң тұрғысынан көрсетілетін көмек сапасының ақсап жатқанын айтамыз. Жер-жерде айтып, өзге елдермен салыстырамыз. Ал бұл сапаны қайдан аламыз?  Егер біздің аймақтардағы президиумдарда он жылдап бір адам отыратын болса. Он жылдан бері үзіліссіз адвокаттар алқасын басқарып жатыр. Мен бүгінгі пленарлық отырысқа әзірлік барысында сараптама жасап шығуды сұрадым. Мысалы Маңғыстау облысында облыстық алқаның президиум төрағасы 25 жыл бойы жетекшілік етіп келеді екен, ал Алматы облысында – 27 жыл,  Атырау облысында – 31 жыл. Олардың бәрін Ақтөбе облысы озып тұр. Мұнда 33 жыл екен", - деді Палата төрағасы.

Нығматулин бұл адамдардың кәсібилігіне ешкім шүбә келтірмейтінін айтты, Алайда Қазақстанға алға жылжып, дамып, бәсекеге қабілетті бола білу керектігін атап өтті.

"Бұл нені көрсетеді? Яғни біздің азаматтарға заң тұрғысынан көмек көрсету барысында бәсеке қабілеттілік жоқ деген сөз. Олардың бәрі кәсіби маман екені анық, алайда қазіргі уақыт басқа. Бүгінде көп  нәрсені бәсекеге қабілеттілік шешеді. Және заң тұрғысынан қызмет көрсету саласында да осы қажет. Соған сәйкес қызмет көрсету сапасы да өсетін болады. Осылайша азаматтар таңдау жасау мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл норманы енгізу керек деп ойлаймын", - деді Нығматулин.

Дереккөз: bnews.kz

28 наурыз 2018, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.