Атырау, 25 сәуір 18:27
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қытайдың «қаңғып кеткен» ғарыш кемесі қайда құлайды?". "Сағынтаев: Кемероводағы трагедия бізге сабақ болуы тиіс". "Қазақстан Вашингтон сотының үкіміне шағым түсіреді". "АҚШ КІМДІ ЖАРЫЛҚАЙДЫ?". "ҚОС КОРЕЯНЫҢ КЕЗДЕСЕТІН КҮНІ АНЫҚТАЛДЫ".

3 537 просмотра

QAZAQTIMES.COM. "Халден түрмесі: Абақты жазалауы керек пе, тәрбиелеуі керек пе?" - Адамзаттың қоғамы қарапайымнан күрделіге дамыды. Алғашқы қауымдасқан қоғам үлгісі қалыптаса бастағаннан-ақ қылмыс адамзат қоғамының көлеңкелі бір беті болып келеді. Заң-ережелер, моральдық нормалар, дін, жаза және жаза құралдары, түрме т.б. Міне бұлар адамзаттың өз қоғамында қылмысты болдырмауға, оның алдын алуға және қылмыс өткізгендерді жазалауға ойлап тапқан өз «тапқырлығы». 

"Қытайдың «қаңғып кеткен» ғарыш кемесі қайда құлайды?" - Қайда барсақ та, қытай экономикасы мен технологиясы алдымыздан шығатыны жасырын емес. Бүйірімізде отырған халық енді ғарыштан "соққы жасамақ". Әлемдік ғарыш саласының мамандары, оның ішінде қытайлықтардың өзі Қытайдың 2011 жылдың қыркүйек айында орбитаға ұшырған "Tiangong-1"  атты ғарыш кемесі 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында жерге құлайды деп хабарлады.   

365INFO.KZ. "«Қайдағы касса?». Дінтанушы жезөкшелікті заңдастырам деген шендінің аузын жапты" - Заңдастырған жағдайда, жезөкшелер күнә жасап жатырмын деп емес, керісінше, өздерін белгілі бір мамандық иесі сезініп, қоғамға пайдам тиіп, қазынаға ақша құйылып жатыр деген ойда болады.

AZATTYQ.ORG. "Тәуелсіздіктен соң биліктен кеткен" - Совет одағы дәуірінде түрлі деңгейде басшылықта болған, Қазақстан комсомолын басқарған, кейін мәдениет саласында басшылық қызмет атқарған Өзбекәлі Жәнібековтің тәуелсіздіктен бергі тағдырына шолу. Оны еске алушы замандастарының бірі «Өзбекәлі Жәнібеков 1960 жылдардан-ақ Мәскеудің назарына ілікті. Бірақ Қазақстанда бәсекелестер пайда болып, ұдайы кедергі келтіруге тырысты. Оны Қонаев шебер пайдаланды»,-дейді. Өзбекәлі Жәнібеков өз естелігінде «Назарбаевты тезірек ысыла түссін деген ниетпен одақтық жиындарда қатыстырып,үлкен мінберлерденден сөйлетіп, өзімен бірге алып жүргенін» айтады. Ол 60 жасқа толған соң, жоғары билікке араласпады.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Сағынтаев: Кемероводағы трагедия бізге сабақ болуы тиіс" - Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығында екі күн бұрын өрт шығып, салдарынан 64 адам қаза тапқан еді. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің Кемерово қаласында болған алапат өрттен кейін ішкі істер министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

ZHASALASH.KZ. "Ким Чен Ын Қытайға сапарлап барды" - Бұған дейін жапониялық және қытайлық БАҚ Ким Чен Ынның Қытайға баратынын хабарлаған еді. БАҚ-тың мәліметінше, Солтүстік Корея басшысы Қытайға пойызбен барды. Ким Чен Ын 2011 жылы Солтүстік Корея басшысы болғаннан бері шетелге бірінші рет сапарлап отыр. Ким Чен Ында Қытайда қанша күн болатыны және кіммен кездесетіні әзірге белгісіз.

JASQAZAQ.KZ. "Қазақстан Вашингтон сотының үкіміне шағым түсіреді" - «Қазақстан Республикасы округтік соттың шешімін құрметтейді, алайда Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес республикаға өзін қорғау шегіне барлық дәлелдерді ұсыну мүмкіндігін беруден бас тарту бөлігінде, сонымен қатар Төрелік шешімді тану бөлігінде онымен келіспейді. Қазақстан Республикасының мәлімдеуінше, Төрелік шешім кең ауқымды алаяқтық тәсімі арқылы алынды. Мұндай алаяқтық Төрелік шешімнің АҚШ-тың аумағында танылуына жол бермейді.

BAQ.KZ. "Даниал Ахметов: Төтенше жағдайлар департаментінде тиісті құрал-жабдықтар жоқ" - «Бақытжан Әбдірұлы, (ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев) төтенше жағдайлар департаментінде тиісті құрал-жабдықтар жоқ. Мысалы, облыста 249 көшпелі мотопомпа болу керек. Ал бізде 55 көшпелі матакомба. Ең керегі осы ғой. Қайыққа тоқталайық. Ол 69 болу керек. Ал бізде 14 қайық бар. Жол талғамайтын көлік (Вездеход) 55 болу керек. Оның біреуі де жоқ. Көлік жоспар бойынша 55 болу керек. Облыста тек 9 көлік бар», - деді Даниал Ахметов.

EGEMEN.KZ. "Сарыбел шайқасы – Жетісу жерін жоңғардан азат еткен ұлы жеңіс" - Отандық тарихнамада жоңғармен арпалыс кезеңі туралы жазғанда Орбұлақ пен Аңырақай шайқасы туралы жиі айтылатыны белгілі. Солай болуы да заңды. Дегенмен соңғы кезде табылған деректерді ақтарып, оларды халық зердесінің теңдессіз қазына-қоры – тарихи эпостарымызбен парықтап салыс­тырғанда, жоңғармен болған шешуші соғыстың соңғы нүктесін қойған тағы бір алапат шайқастың орны анықталып отыр. Қалжыраған алаш қайта сілкініп қайрат-күшін жиып, басы бір тудың астына түгел табысып, еңселі ел болуына баспалдақ болған сондай ірі оқиғаның бірі – Сарыбел шайқасы.  

"Ә.Бейсеуовтің «Батыр Бауыржан» атты операсы күні бүгінге дейін жарыққа шықпай жатқаны қалай?" - Ол ауыз әдебиетіміз бен мәдениетімізден молынан көрініс тапқан. Бізге жеткен тарихи мұрағаттарымыз бен шежірелерде де ән-күйлерімізде де аз емес. Соны ел болған тұста терең білу қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты дәйектеді. «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді» деді Мемлекет басшысы. Шынында, сана жаңғырмай ұлт  ісі шешімін таба қоймайды. 

"Ләйлә Сқақова: Грим – өте кірпияз өнер. Бір актерге 1,5-2 сағат уақытымызды арнаймыз" - Грим өнерінің көпшілік көрермен біле бермейтін қиындығы мен құпиясы жетерлік.  Ол – бояу тілі арқылы кейіпкерін сөйлетеді.  Бір қызығы –  бүгінгі кейіпкерімізге өзінің көпшілік үшін түсініксіздеу, жұмбақ мамандығы қатты ұнайды екен. Кәсібі секілді өзі де құпия болып қалғысы келеді. Әйтсе де, біз осы бір қызық кәсіпке тән ол қағиданы бұздық.  27 наурыз – Халықаралық театр күні қарсаңында гримдеу маманы Ләйлә Сқақовамен кездесіп, сахна әлемінің кірпияз саласынан сыр суыртпақтаған едік.

AIKYN.KZ. "ШАҒЫН НЕСИЕ: КІМГЕ? ҚАШАН? ҚАЛАЙ?" - Түнеукүні жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» қоғам өміріне қатысты өзекті проблемалардың түйінін тарқатуға кәдімгідей серпін сыйламақ. Жалпы, Елбасы Жолдауында болсын, басқа да халыққа арнаған Үндеулерінде болсын, іске асыруға тиіс маңызды тетік­терді тайға таңба басқандай көрсетіп оты­рады. Ал осы жолғы бес бастаманы неліктен бөле-жара жұртшылыққа ұсынды? Сірә, әрқайсының бойында зілбатпан жауапкер­шілігі бар, кезек күттірмей шешілуі тиіс әлеуметтік проблемалар болғандықтан шығар. Бүгін сол бес бастаманың арасынан «шағын несиелендіру» тармағын бөліп алып, тарқатып көрмекшіміз.

"АҚШ КІМДІ ЖАРЫЛҚАЙДЫ?" - АҚШ әділет министрлігі кезекті санкциялар тізбегін жария етті. Америкалық биліктің растауынша, Иранның бірқатар компаниялары мен азаматтары АҚШ-тың және басқа да елдердің жоғарғы оқу орындары базасына хакерлік шабуыл ұйымдастырып, «құнды интеллектуалдық меншіктерді» ұрлағаны үшін жазаға ілікті.

"ЖЕТІ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛЕДІ" - Мемлекеттік органдар ел басшылығы берген әрбір тапсырма, әрбір жаңа міндетті жүзеге асыру үшін жаңа ұйым құруды жаман әдетке айналдырып алған. Салдарынан, мемлекеттік кәсіпорындарды бәсекелестік ор­таға тапсыру науқанына қарамастан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны тоқтаусыз өсуде. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтылды.

"ҚОС КОРЕЯНЫҢ КЕЗДЕСЕТІН КҮНІ АНЫҚТАЛДЫ" - 29 наурыз күні солтүстіктегі бейтарап аймақта Солтүстік және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің өкілдері кездеседі. Делегациялар сәуір айында өтетін мемлекетаралық саммиттің уақыты мен тақырыбын анықтайды.

TURKYSTAN.KZ. "ҚАРАУСЫЗ БАЛА – ҚОҒАМҒА НАЛА" - Әлемде әр алты сағат сайын бір бала жоғалады екен. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде 70 мың бала, АҚШ-та  1,5 млн бала, Ресейде 15 мыңға жуық бала із-түзсіз кетеді. Қазақстан аталмыш елдерден халық саны жағынан әлдеқайда төмен сатыда тұрса да, балалар мен жасөспірімдердің жоғалу көрсеткіші бойынша кем түспей тұр. Елімізде жыл сайын 1,5 мыңға жуық бала жоғалады екен. Олардың  жартысы сәті түсіп табылып жатса, қалғандары жөнінде мүлдем хабар-ошар болмайды. Ең сорақысы, табылған балғындардың тең жартысын ата-анасы жансыз күйінде құшақтайтыны.

DALANEWS.KZ. "Жақып Асанов: “Әйелімді ұрмаймын. Бір ағамыздың өмірі сабақ болды…” - Осы тақырыпты талқылауға келгенде кез-келген адам пікір білдіруге әзір. Әркімнің өз айтары бар.  

27 наурыз 2018, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.