Атырау, 16 сәуір 18:51
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Ресейдің Кемерово қаласындағы өрт құрбандарының саны 64-ке жетті

2 052 просмотра


Кемероводағы сауда орталығында болған өрт апатынан қайтыс болғандар саны 64 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап. 

«Өкінішке қарай, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 64-ке жетіп отыр», - дейді Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков. Оның сөзіне қарағанда, алты адамның денесі әлі шығарылмаған. Өрт сөндірушілер 1,5 мың шаршы метрді шарпыған жалынды сөндірген. Алайда ғимараттың құлау қаупі бар. Қалаға ғимараттарға тіреуіш ретіндегі қосалқы қондырғылар жеткізілген. 

Дереккөз: inform.kz

26 наурыз 2018, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.