Атырау, 17 сәуір 01:49
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

​Кемеровтегі сауда орталығында өрт салдарынан 37 адам қаза тапты

Бейнежазба
2 222 просмотра


Ресейдің Тергеу комитеті Кемеров қаласындағы сауда орталығында шыққан өрт салдарынан қаза тапқандар саны 37 адамға жеткені туралы растады, - деп хабарлайды РИА Новости

"Қазіргі уақытта 37 адамның Кемеров қаласының орталығындағы сауда орталығында шыққан өрттен қаза тапқаны белгілі болды. Үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.  

Осыған дейін өңірдегі жедел әрекет ету қызметіндегі дереккөз мәліметінде 69 адамның (оның ішінде 40 бала) із-түссіз жоғалып кеткені жайлы айтылған еді. 

Зардап шеккендердің көбі ауруханада жатыр.  Жексенбіде күндізгі уақытта төрт қабатты сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт жоғарғы қабаттан шыққан. Өрт аумағы - мың жарым шаршы метр. Шатыры опырылды. Өрт толығымен сөндірілді.  

Mash Telegram-арнасы өрттің кинотеатрда шыққаны туралы хабарлады. 100-ден аса адам эвакуацияланды.  Сонымен қатар, әбігерге салынған адамдардың жоғарғы қабаттағы терезелерден секіріп жатқаны туралы хабар түсті. 



Дереккөз: tengrinews.kz

26 наурыз 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.