Атырау, 19 сәуір 12:13
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 813 просмотра

ЖҮЗУ


Атырауда республикалық «Көңілді дельфин» турнирінің бірінші кезеңі өтті. Оған еліміздің 12 қаласынан 200-ден астам жас жүзгіштер қатысты.

Турнирде алаң иелерінен жалпы саны 60 адамнан тұратын 5 команда өнер көрсетті. Атыраулық спортшы Дамир Алтайұлы керемет жетістікке қол жеткізіп, еркін стильде 50, 100 метр және кешенді жүзуден 200 км қашықтық бойынша 3 алтын алқа иегері атанды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушысы дене шынықтыру және спорт басқармасына, Атырау су спорт түрлері клубына және ата-аналар комитетіне турнирді ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреді.


БОКС

Ақтауда 2001-2002 жж. жасөспірімдер арасында ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қалимовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Бұл турнирді Азияның кіші чемпионаты деп те атайды. Бұл сайысқа Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары өздерінің бірінші және екінші нөмірлі спортшыларын әкеледі. Қазақстан облыстарының командалары арасында да әлсіз боксшылар болмайды.

Мұнда Атырау облысының құрамасы аға жаттықтырушы Айдос Дәулетовтің жетекшілігімен сәтті өнер көрсетті. Алтын алқаны Бекзат Битимов, күміс алқаны Мұстахим Бекқалиев, қола алқаны Нұрхатбек Ноғаев және Қожаберген Мәдениетов жеңіп алды. Спортшыларды  жаттықтырушылар А. Дәулетов, А. Мизамбаев және М.Әбсенов дайындады.

 

КАРАТЕ

А. Котов және Я. Гончаров

Кекушинкай каратэ-до бойынша Астраханьда өткен Ресейдің Оңтүстік Федеральдық округінің ашық чемпионатында Атырау құрамасы тамаша сайысты.

Андрей Котов, Ярослав Гончаров және Кәрімжан Игенов алтын алқа иеленді, ал Алексей Данилов қола алқаға қол жеткізді. Нәтижесінде, команда 3-орын алды, ал Котов «Үздік техникасы үшін» сыйлығымен марапатталды.

Дайындаған Мұрат Сұлтанғалиев

22 наурыз 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.