Атырау, 18 сәуір 13:41
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Бүгін еліміздің 7 қаласында ауа сапасы төмендейді

3 355 просмотра


Сәрсенбі, 21 наурыз күні Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған және Шымкент қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әсер етеді. Ал Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал және Өскеменде метеожағдайлар керісінше, зиянды заттардың ауада ыдырауына ықпал жасайтын болады. 

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады. ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.  

Дереккөз: inform.kz

21 наурыз 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.