Атырау, 16 сәуір 23:22
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Лондон мен Брюссель 21 айлық өтпелі кезең жайлы келісімге келді

2 099 просмотра


Ұлыбритания 2019 жылы наурыз айының соңында Еуроодаққа мүшелігінен ресми түрде шығады. Бірақ Біріккен Корольдік одақтан тек 2020 жылдың 31 желтоқсанында түбегейлі кетеді. Лондон мен Брюссель 21 айлық өтпелі кезең жайлы келісімге келді.

Осы уақыт аралығында Тұманды Альбион Еуроодақ бюджетіне жарна төлеуге міндетті. Қос тарап азаматтарына бұдан шығын келмейді және қолайсыздықтар болмайды деп уәде етілді. Одақтан шығу туралы келісім жобасында қол жеткізілген уағдаластықтар жасыл, ал шешімін таппаған мәселелер ақ түспен белгіленген. Сары түстісі – жартылай шешілгені. Солтүстік Ирландия жалпы еуропалық нарық пен Кеден одағында қалады. Бұл Лондон басқа шешім ұсынбаған жағдайда ғана жүзеге асады. Ұлыбритания Еуроодақтан басы бүтін шыққаннан кейін ғана өз бетінше сауда-саттық жасай алады. 

Мишель Барнье, Brexit бойынша ЕО-ның бас келіссөзшісі: 

– Ұлыбритания билігі мен Еуроодақтың шешіміне сәйкес өтпелі кезеңнің уақыты шектеулі болады. Осы кезеңде Біріккен Корольдік Еуроодақтың шешімін қабылдау үдерісіне қатыспайды. Себебі 2019 жылдың 30 наурызынан кейін ол мүше-мемлекет қатарынан шығарылады. Дегенмен ортақ нарық пен кеден орталығының бүкіл артықшылығын сақтап қалады. Сондай-ақ одаққа мүше өзге мемлекеттер сияқты барлық еуропалық ережелерді сақтауға тиіс. Соңғы күндері кедендік рәсімдерді айқындау, тауарлар қозғалысы мен оны бақылау, Ұлыбританияның ядролық саласындағы міндеттемелері және еуропалық тауар брендтерін қорғау сияқты маңызды мәселелер бойынша ілгеріледік. 

Дэвид Дэвис, Brexit бойынша Ұлыбритания министрі: – Бүгінде келесі кезең туралы келісімге қол жеткізу арқылы тағы бір маңызды бөлім аяқталды десек болады. Менің ойымша, Еуропалық кеңес осы аптаның соңына дейін бұл келісімді қолдауы керек. Сыртқы саясат пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы айтатын болсақ, Ұлыбританиямен өзге елдерге қарағанда кең ауқымды әріптестік орнатуды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, мұны ЕО-ның барлық серіктестері қолдайды.

Дереккөз: 24.kz

21 наурыз 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.