Атырау, 29 наурыз 13:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Трамп Иранға неліктен ашулы?

2 082 просмотра


АҚШ Президенті Дональд Трамп 3 жыл бұрын Иранмен жасалған келісімшарттан бас тартып, жаңа санкциялар енгізбекші. Бұл туралы АҚШ сенаторы, халықаралық қатынастар комитетінің басшысы Боб Коркер мәлімдеді. 12 мамырда екі ел тарапының арасында кездесу жоспарланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі cbsnews-ке сілтеме жасап.

2015 жылы президент Барак Обама бастаған АҚШ Үкіметі және әлемдегі алпауыт 6 мемлекет басшылары Иран Ислам республикасымен ядролық қаруға қатысты ортақ шешімге келген болатын. Сенатор Боб Коркер мен Бен Карден - Иранға қатысты осы заңның авторлары. Яғни, 2015 жылы Тегеран АҚШ және өзге де алып мемлекеттермен ядролық қарудан бас тарту туралы келісімге келген. Нәтижесінде АҚШ кейбір экономикалық санкцияларды жойып, Иранның халықаралық мұнай саудасына рұқсат берген болатын. Енді Дональд Трамп бұл келісімнен Вашингтонға еш пайда жоқ екенін айтып отыр. Барак Обама жасаған шешіммен Трамп мүлдем келіспейді.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бері Иран тарапы әрбір 90 күн сайын Вашингтонға осы заң орындалып жатқаны туралы ақпарат беріп отыр. 12 мамырда Тегеран мен Вашингтон кездесіп, осы кикілжіңге нүкте қоюы тиіс. Ал сарапшылар АҚШ тарапының аталған келісімді бұрынғыдай қалдырмайтынын, яғни, жаңа санкциялар енгізетінін болжап отыр

Дереккөз: Baq.kz

21 наурыз 2018, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.