Атырау, 28 наурыз 22:36
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Бибісара Асаубаеваға тіл тигізгені үшін ресейлік бапкер жарыстардан шеттетілді

1 702 просмотра


Ресейлік бапкер Евгений Соложенкин шахматшы Бибісара Асаубаеваға әлем чемпионатында электронды нұсқаушының көмегін пайдаланды деп айып таққан болатын. FIDE этикасы бойынша комиссия шешімі негізінде ресейлік бапкер жалған айтып, жала жапқаны үшін барлық турнирлерден шеттетілді. 

Бұл туралы қазақстандық шахматшының адвокаты Александр Добровинский Фейсбук парақшасында жазды. 

«Құрметті достар! Мен халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 30 беттен тұратын шешімін ұстап отырмын. Осы шешімге сәйкес, гроссмейстер Соложенкин Бибісара Асаубаеваға жалған айтып, кінә таққаны үшін барлық турнирлерден шеттетілді. Сот шешімі толықтай орыс тіліне аударылып, Фейсбук желісіне жарияланады. Бұл жалақорлыққа қарсы күрестегі үлкен жеңіс. Алдыда бізді әлі 28 наурызда өтетін сот күтіп тұр. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рахмет!»,-деп жазды Добровинский. 

Өткен жылдың қыркүйегінде ресейлік бапкер Евгений Соложенкин Бибісара Асаубаеваның әлем чемпионатында электронды нұсқау берушіні пайдаланды деген пікір білдірді. 

Ал адвокат Добровинский Бибісараны қорғайтынын айтқан және ол туралы Фейсбук парақшасында жариялады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тараптарға сотқа қайырылуға тура келді. 

«Қазақстанның шахмат федерациясы» РҚБ осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бибісара Асаубаева бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері. Ол 7 жасында-ақ ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы шебері атағын жеңіп алған болатын. 

2016 жылы жас шахматшы Ресейге кетіп, осы елдің намысын қорғауға бел буды. 

Минскіде өткен ерлер арасындағы Еуропа чемпионатында 13 жастағы Бибісара Асаубаева халықаралық ерлер арасындағы шеберлік нормасын орындап, автоматты түрде ФИДЕ-нің ерлер арасындағы шебері атанды.

Бибісара Асаубаева Таразда туып, Қазақстан туының астында 4 рет әлем чемпионатын жеңіп алды. Алайда ол қазір Ресей мемлекетінің атынан өнер көрсетіп жүр

Дереккөз: inform.kz

21 наурыз 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.