Атырау, 25 сәуір 09:35
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Қазақстанда әлеуметтік желілер уақытша істемеуі мүмкін

2 995 просмотра


Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысында кідіріс болатындығы жөнінде ескертілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасап. 

«Есіл аудандық сотының экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдауға бағытталған ақпарат материалдарын таратуға тыйым салу жөніндегі шешімін орындау аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тыйым салынған материалдар таралып жатқан шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің иелеріне тиісті хабарламалар жіберілді. Сонымен қатар соттың шешімін орындау үшін құзырлы органдар заңға қайшы материалдарды өшіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған орай кейбір әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің (Telegram) жұмысында техникалық кідірістер болуы мүмкін», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.  

Дереккөз: inform.kz

20 наурыз 2018, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.