Атырау, 28 наурыз 14:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жүргізушісі жоқ Uber көлігі адамды қағып өлтірді

1 993 просмотра


АҚШ-тың Аризона штатында жүргізушісі жоқ Uber көлігі алғаш рет кісіні қағып өлтірді, деп хабарлайды CNBC.

Оқиға 19 наурызда таңертең болыпты.

Полиция хабарлағандай, велосипед мінген 49 жастағы әйел тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатқанда көлік астына түскен.

Көлік автопилот режимінде кетіп бара жатқанымен, жүргізуші орнында жолаушы отырыпты. 

"Біз полиция жұмысына толыққанды ықпалдастық етіп отырмыз. Марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Жүргізушісі жоқ көліктер сынағы тоқтатылды", — деп пікір білдірді Uber.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 наурыз 2018, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.