Атырау, 29 наурыз 15:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Путиннің жаңа мерзімі Қазақстанға қалай әсер етеді?". "Мемлекеттік бағдарламамен неге сапасыз үйлер салынады?". "Сейітқазы Матаев: Баламды кепілдікте ұстап отыр". "Селтановтар отбасы ОҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді".

4 334 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Брежнев ізімен жүріп, тәуелсіздіктен айрылу»" - Мамандығы - дәрігер, бұрын Лондонда мұнай трейдері болған Серікжан Мәмбеталин 2010 жылдардың басында қазақстандық саяси алаңға шығып, «жасылдар» партиясының идеясын жариялады. Саясатқа араласқаны үшін 2016 жылы бас бостандығы шектеліп, қоғамдық-саяси істерге араласуына тыйым салынды. Жақында Мәмбеталин Қазақстан азаматтығынан айрылып, Ұлыбритания төлқұжатын алды. Азаттыққа берген сұхбатында Серікжан Мәмбеталин саясатқа қалай ықпал етпек болғанын және саясаттың өзіне қалай ықпал еткенін әңгімеледі.

"Путиннің жаңа мерзімі Қазақстанға қалай әсер етеді?" - Владимир Путин Ресей президенті болып қайта сайланды. Сарапшылар Путиннің алты жылдық жаңа мерзімінің Қазақстан мен Орталық Азияға әсері жайлы айтты.

365INFO.KZ. "Ипотека емес, құлдық. 25 жылда ол үйіңіз құлап қалады — Меруерт Махмұтова" - 50 мың доллар тұратын пәтерлер тағы да баяғыдай 100 мың доллар болып кетуі мүмкін бе? Халықты баспанамен қамту мен салықты жеңілдетуге байланысты мемлекеттік бағдарлама жайында экономист Меруерт Махмұтова ой толғайды.

"«Шалақазақ» деп күндейміз… Аружан Сайын кім?" - Елімізде алғашқылардың бірі болып қайырымдылық

қорын құрып, талай балаға көмек беріп, құқығын қорғап жүрген жандардың бірі Аружан Сайын. Оның ОҚО-да зорланды деген баланың құқығын қорғау үшін бел шеше кірісуінің өзі неге тұрады? 

QAZAQTIMES.COM. "Мұсылмандарға есік ашқан канцлердің неге жолы болмады?" - Германия канцлері Ангела Меркель өз елінің ғана емес, Еуропа елдерінің соңғы бірнеше он жылдан бергі тарихындағы елеулі әйел саясаткер болды. Ол прагматикалық және парасатты көшбасшы ретінде бағаланып келеді. Ол билік құрған жылдарда бірнеше рет әлемдік жыл адамы аталған болатын. Тіпті оны «Германияның ханшайымы» немесе «Еуропа ханшайымы» деп те атасты. | Материалды көшіріп бассаңыз http://qazaqtimes.com/article/36647 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.

TURKYSTAN.KZ. "ЕЛІМІЗДЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІК МАМАНДЫҚТАРЫНА ГРАНТТАР КӨБЕЙМЕК" - Елімізде киберқауіпсіздік бағытындағы мамандардың санын арттыруға көңіл бөлінбек. Мәжілісте білім саласындағы цифрландыру тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Министр өлім-жітім көрсеткіші жоғары өңірлерді атады" - "Шығыс Қазақстан облысында ана өлімі республикалық деңгейден 53%-ке жоғары. Қостанай облысында нәресте өлімі республикалық деңгейден 31%-ке жоғары. Ал Павлодар облысында қатерлі ісіктен болатын өлім 56%-ке жоғары", — деді ведомство басшысы.    

AIKYN.KZ. "ЕЛБАСЫ БАЛАЛАР ТЕХНОПАРКТЕРІН АШҚЫЗУДА" - Барлық қажетті ақпараттарға онлайн режимде қол жеткізу үшін мұғалімдер мен оқушылар компьютерлермен, ноутбуктермен, смартфондармен жабдықталатын болды. Бұл туралы Мәжілісте «Білім саласындағы цифрландыру» тақырыбын арқау еткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жария етті. 

"«АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯ» АУЫЛҒА ДА БАРАДЫ" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» деп аталатын арнайы тармақ бар. Үшінші басымдық ретінде көрсетілген. Президент ғылым мен технологияның бүгінгі жетістіктерін ауыл шаруашылығы саласына пайдаланудың маңызды екендігін меңзеп, тиісті құрылымдарға тапсырма берген. Өйткені қазіргі ғылыми жаңалықтар мен техноло­гияның дамуына дер кезінде ілесіп отырмасаң – ұтылғаның. Сөйте тұра, Жер шарын мекен қылған адам баласының саны артқан сайын оған қажетті азық-түлік өндіретін саланың өнімдеріне сұраныс та молая түсері сөзсіз. Себебі, адам тамақ жемей қоймайды. Ғылым мен технология дайын тамақ бола алмас, бірақ арзан, сапалы азық-түлік өнімдерін даярлауға қолғабыс жасары сөзсіз. Азық-түліктің барлығы дерлік ауыл шаруашылығы саласының өнімдері екені тағы бар. Демек, Қазақстанның келешектегі табысының көбі осы саладан түспек. Ғылым мен технологияның жетістіктеріне ілесіп отырудың маңызы да – осында.

"ӨКПЕСІЗ ӨМІР СҮРУ" - Осы «Амал» немесе «Көрісу» мерекесін жал­­пыұлттық сипатқа көшіру керек! Мұ­ны аталған батыс өңірде ғана емес, бүкіл Қа­зақстан бойынша атап өткен абзал. Бі­рі­мен-бірі ит пен мысықтай ырылда­сып, ай­тысып, тартысып, айқасып, арпа­лы­сып өмір сүріп жатқан қанша ағайын­ның өк­пе-ренішін ілезде тарқату үшін де Құ­дай – Тағала арнайы бір күнді белгілеп те қойып­­ты. Бұдан артық не керек?

ZHASALASH.KZ. емлекеттік бағдарламамен неге сапасыз үйлер салынады?" - Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйдің төбесі тесіліп, су сорғалап тұр. Нұр Ақтөбе ауданындағы 9-қабатты 16, 12 үйлер  4 жыл бұрын ғана салынып, пайдалануға берілген. Соған қарамастан, тоз-тозы шықты.  Ылғалдан  пәтердегі қабырғаның сылағы түсіп қалыпты. Сырты бүтін, іші бүлініп жатқан баспаналарының жыртығын жамауға онсыз  да пәтерінің несиесін төлеп отырған жұрт шарасыз. Жаңбыр жауса бітті, көрген күніміз -қараң дейді халық.

"Сейітқазы Матаев: Баламды кепілдікте ұстап отыр" - Бүгін Алматыда Қазақстан баспасөз клубында Журналисттер Одағының Төрағасы Сейітқазы МАТАЕВ, «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева және адвокат Андрей ПЕТРОВ баспасөз мәслихатын өткізді. Олар 2018 жылы 16- наурыз күні Қапшағай сотының ҚазТАГ халықаралық ақпарат агентігінің бас директоры Әсет МАТАЕВ жазасын жеңілдетуден бас тартқанын заңсыздық дейді.

JASQAZAQ.KZ. "Селтановтар отбасы ОҚО-дағы оқиғаға қатысты пікір білдірді" - «Менің көзімді құртқысы келетіндер бар деп естідім. Неге? Депутатпын, балам — уролог, келінім — директор, тағы бір ұлым — полиция қызметкері. Сонда олардың жұмыс істеуге құқығы жоқ па? Қазір бұл бала оқиғасы жай ғана желеу болып тұр, түсінесіз бе? Олардың нені қалайтынын білмедім. Бірақ бұл істің артында біреудің тұрғаны анық», — дейді депутат.

20 наурыз 2018, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.