Атырау, 24 сәуір 06:00
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Түркия әскері мен сириялық оппозиция жасақтары Афринді азат етті

2 033 просмотра


Түркияның Қарулы күштері мен Сирия азаттық армиясы (САА) Афринді азат екеннен кейін аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Анадолу агенттігі. 

САА түркі уақыты бойынша сағат 05:00 шамасында шығыс, батыс пен солтүстік бағытта шабуылды бастады. Операция шамамен бір сағатқа жуық уақытқа созылып, САА сарбаздары лаңкестер орнатқан миналардың көзін жойды. Алдымен Эшрефия, Махмудия және Джемилия кварталдарына, сонымен қатар кеден және электроподстанция ғимараттарына бақылау орнатылды. 

Айтарлықтай қарсылықты көрмеген САА сарбаздары түрік уақыты бойынша сағат 08:30 шамасында Афринге енді. Афринге бақылау орнатылғаннан кейін түріктің әскери қызметшілері аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында шараларды қолға алды. Саперлер лаңкестер орнатып кеткен миналар мен жарылғыш заттарды залалсыздандыра бастады. 

Түркия ҚК мен САА лаңкестердің таңбаларын да жойып жатыр. Сонымен қатар, лаңкестер көпшіліктің арасына жасырынып қалмас үшін үйлер де тексерілуде. Африн аймағы аттас қала мен Раджу, Бюльбюль, Шейх Хадид, Джиндерес пен Мабатлы аудандарынан тұрады.

Дереккөз: inform.kz

18 наурыз 2018, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.