Атырау, 19 сәуір 15:31
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Грузиядағы курорттардың бірінде аспалы жолдан адамдар зардап шекті

Бейнежазба
1 828 просмотра


Грузияның Ішкі істер министрлігі Гудауридегі аспалы жолда 10 адамның зардап шегуіне байланысты тергеу шараларын бастады, -деп хабарлайды Грузия Online. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Гудаури таушаңғылы жолының аспалы жолы апатты жағдайда тоқтап, кері қарай жүре бастаған. Оқиға салдарынан 10 адам орта және ауыр деңгейдегі жарақат алған. 

Оқиға орнына шаңғы патрулі, жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерді Гудауридегі амбулаторияға жеткізеді. 

Ал қажет болған жағдайда оларды ауруханаға жеткізу қарастырылған. 

Грузиядағы таулы курортты дамыту компаниясы науқастардың еміне жұмсалатын барлық шығынды көтеретіндерін айтты.  Гудаури Грузиядағы ең танымал таушаңғылы курорттарының бірі.  




Дереккөз: tengrinews.kz

16 наурыз 2018, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.