Атырау, 29 наурыз 17:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

320 миллион теңгеден астам қаражат қымқырған қазақстандықтар Ресейде ұсталды

2 638 просмотра


Қазақстанның екі азаматы бюджеттік қаражат қымқырғаны үшін Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

"Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, Батыс Қазақстан облысының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Атырау қаласының оң жағалауындағы сутазартқы ғимараттарды салуға бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырып, қашып кеткен екі азамат 2018 жылы наурызда Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", — делінген хабарламада. 

2017 жылы Ресей құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздеу шараларының нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынған.  

Ведомство мәліметіне сүйенсек, аталған тұлғалардың мемлекетке келтірген шығыны 322 миллион теңгені құрайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 наурыз 2018, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.