Атырау, 25 сәуір 17:14
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандық фильм Нью-Йоркте өткен кинофестивальде ең үздік фильм деп танылды

2 864 просмотра


Кинофестиваль АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Судан, Тайланд, Тайвань, Жапония, Қазақстан және басқа елдерден әртүрлі жанрлық фильмдер шығарушыларын жинады. Қазақстандық «Анаға апарар жол» фильмі «Ең үздік көркем фильм» марапатын жеңіп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кинофестиваль әділқазылары бас продюсері – Алия Назарбаева, режиссері – Ақан Сатаев болған «Анаға апарар жол» тарихи фильмін жоғары бағалады. Қазақстандық фильм «Өмірдегі жетістік» номинациясы бойынша «Ең үздік көркем фильм» марапатына ие болды. Кинокартинаны АҚШ-тың ірі қаласында тұратын және жұмыс істейтін қазақ диаспорасының өкілдері көрді. Отандастарымыз бұл фильм туралы естіген екен және көрген кезде эмоцияларын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

Еске сала кетсек, Әлия Назарбаева мен Ақан Сатаевтың картинасы халықаралық деңгейде мойындалған. Испания, Ресей, Хорватияда өткен кинофестивальдерде жоғары деңгейде марапатталып, көптеген елдерде шетелдегі қазақтарға осы фильм көрсетіледі. Фильмде ана махаббаты мен туған жерге деген сағыныш сезімі баяндалады.

Дереккөз: Baq.kz

16 наурыз 2018, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.